Көркем мінез


Әлем- таза сүйіспеншілік пен кіршіксіз махаббаттың айнасы. Өмірде қандай болсаң, қоршаған ортаң да сондай. Ал жақысыны жаныңа жинауда маңызды рөл атқаратын фактордың бірі- адамның мінезі.
«Жақсы мінез- құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» - деп, Әл-Фараби атамыз айтып кеткен екен. Көркем мінез- жаратқанның берген ерекше сыйы. Осы қасиетпен- ақ, бүкіл жер дүниенің кереметін кішкентай бойыңа орнықтыра аласың. Жұдырықтай жүрегіңде жылулық үнемі болады. Мінезге келгенде, жұлдызнама да, сандар да сандырақтап қалады. Себебі, Қазақстанның өзінде 85 секундта бір нәресте жарық дүние есігін ашады. Енді елестете беріңіз, бір уақытта әлемде қанша жүрек соғып бастайды... Яғни, бір кезде туған адамның бәрінің мінезі бірдей болуы мүмкін емес.
Мінез- уақыт өте қалыптасады. Бүгінгі күні, осы байлыққа ие болған адамдарды сирек кездестіретін болдық. Кішкентай баладан бастап, қит етсе, өзінің ақиқатын алға тартып, дауласуға дайын тұрады. Осы мәселе мені қынжылтады. Тіпті, айтатын сөздің өзі мінездің ықпалымен шығады. Қазақта: «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады»-, деген сөз тіркесі де орынды айтылған. Көңілге қарау, мүмкіндік болса жақыныңның ығына жығыла салудан, қолынан келе тұра көмектесуден безіп бара жатырмыз. Асылында, бұл айтылған сөздің барлығы- адамгершілікке, мінезге келіп тіреледі.
Жүректен шыққан жылулықты суытпайтын да осы-көңіл. Лажы болса, қамшының сабындай қысқа ғұмырда қасыңдағы қолдаушыңа, сыйлайтын сырласыңа, жаныңдағы жолдастарыңа қол ұшын созу керек. Осының барлығы-«қазаққа» тән қасиет. Ежелден ата-бабамыз көңілді басқасынан биік қойғаны бекер емес. Өзгенің көңілінен шықсаң, басыңдағы бағыңның бес елі болатыныны айқын көрініс.
Сол үшін, күнделікті күйбелең тіршіліктің буына тұншықпай, барынша түсініспеушілікке, ашу-ызаға, уайымға сабырлықпен қарауға тырысып көріңіз. Сонда ғана, өміріңіздегі ауыр-жеңілге, қиындық-оңайға айналатынына сенеміз.

Мінез-махаббаттың бір бөлшегі. Ал, махаббат-әлемді құтқаратынын ұмытпаңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу