Қазақстан тарихы_6 сынып
«Қазақстан тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар
6-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«VI – IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер Көне түркі жазуы |
Оқу мақсаты Бағалау критерийі | 6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау 6.2.3.1 Көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Төменде берілген мемлекеттердің дамуындағы ерекшеліктерді жазыңыз.
- Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазыңыз.
3. Деректен үзінді оқи отырып, төмендегі сұраққа жауап беріңіз.
Күлтегін жырынан үзінді
Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Інім Күлтегінмен бірге,
Екі шадпен бірге,
Өліп-тіріліп ұлғайттым.
Біраз ұлғайтып,
Біріккен халықты от-су қылмадым.
Сөйтіп, Тәңірі жарылқады.
Бағым болғандықтан,
Сәті түскендіктен
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым.
Төрт бұрыштағы халықты
Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым,
Бәрі маған бағынды.
Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлі қандай?
Көне түрік жырның тарихи маңызы неде?
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді
| 1 |
|
| ||||||||||
VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді | 2 |
|
| ||||||||||
Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына түсіндірме жасайды | 3 |
|
| ||||||||||
Жалпы балл | 10 |
«VI – IX ғасырлардағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді
| Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазуда қиналады
| Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазуда қателіктер жібереді | Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазады | ||
VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді | Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазуда қиналады | Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазуда қателеседі | Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазады | ||
Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына түсіндірме жасайды | Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттауды қиналады | Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттауда қателіктер жібереді | Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды |
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«X – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | X ғасыр – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы саяси процестер Орта ғасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті |
Оқу мақсаты Бағалау критерийі | 6.3.1.3 X ғасыр–XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау 6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау 6.2.2.4 Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты |
|
Тапсырма
1. Картаны және өз біліміңізді пайдаланып, қарахан және қыпшақ мемлекеттерінің даму ерекшеліктерін жазыңыз.
Мемлекеттер | Ұқсастықтары | Ерекшелігі |
Қарахан | ||
Қыпшақ |
2. Суретпен жұмыс.
Суретті қолданып, Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін анықтап, 3 дәлел келтіріңіз:
- __________________________________________________________________________
- __________________________________________________________________________
- __________________________________________________________________________
- Кестені толтырыңыз.
Ғұламалар | Еңбегінің атауы | Еңбегінің құндылығы |
Махмуд Қашғари | ||
Қожа Ахмет Яссауи |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||
Мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды | 1 |
|
| ||||||||
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін көрсетеді | 2 |
|
| ||||||||
Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығына түсіндірме береді | 3 |
|
| ||||||||
Жалпы балл | 10 |
«X ғасыр – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлім бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды | Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қиналады | Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қателіктер жібереді
| Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды | ||
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін көрсетеді | Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін көрсетуде қиналады | Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін көрсетуде қателіктер жібереді | Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін көрсетеді | ||
Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығына түсіндірме береді | Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде орта ғасырлық ғалымдардың еңбегінің атауын атауда және құндылығын сипаттап жазуда қиналады | Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде орта ғасырлық ғалымдар М. Қашғари, Ж. Баласағұни және А. Яссауи еңбектерінің атауын атауда және құндылығын сипаттауда қателіктер жібереді | Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұни және А. Яссауи еңбектерінің барлығының атауын атап, құндылығын сипаттайды |
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Моңғол империясының құрылуы Ақ Орда |
Оқу мақсаты | 6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау 6.3.2.5 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру |
Бағалау критерийі | Білім алушы • Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне сипаттама береді • XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатына түсіндірме жасайды |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
1. Төменде берілген мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, Моңғол әскерінің жеңістке жетуінің себептерін анықтаныз.
Шыңғыс-хан мемлекетті әскери тұрғыдан ұйымдастырды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ түменге бөлінді. Олардың әрқайсысы он мың адамнан тұрды, «мыңдықтар» – он «жүзден», ал «жүздіктер» «ондықтан» құралды. Мемлекеттің барлық аумағында 95 түмен болды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ»деп аталды.
2. Кестеде берілген тарихи тұлғаларды сөздерімен сәйкестендіріңіз. Цитаталармен байланысты саяси оқиғаны толықтырыңыз.
Тарихи тұлғалар | жауабы | Тұлғалардың сөздерінен үзінділер | Цитаталармен байланысты саяси оқиғалар |
1.Ұрыс хан | А. «Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді» | ||
2. Өзбек хан | В. «Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!» | ||
3.Тоқтамыс | С. «Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық» | ||
4.Әмір Темір | D. «Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді...» |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||||||
Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне сипаттама береді | 1 |
|
| ||||||||||||||||
XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатына түсіндірме жасайды | 2 |
|
| ||||||||||||||||
Жалпы балл | 11 |
XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушыныңаты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне сипаттама береді | Моңғолдардың әскери өнерінің 1/2/3 жетістіктерін анықтауда қиналады | Моңғолдардың әскери өнерінің 1/2/3 жетістіктерін анықтауда қателіктер жібереді
| Моңғолдардың әскери өнерінің жетістіктерін анықтайды
| ||
XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатына түсіндірме жасайды | Ақ Орда хандары: Ұрысхан/ Өзбек хан/Тоқтамыс/Әмір Темір сөздерінің оқиғалармен байланысын сипаттауда қиналады | Ақ Орда хандары: Ұрысхан/ Өзбек хан/Тоқтамыс/Әмір Темір сөздерінің оқиғалармен байланысын сипаттауда қателіктер жібереді | Ақ Орда хандарының сөздерінің оқиғалармен байланысын сипаттайды
|
«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы |
Оқу мақсаты | 6.1.1.3 Ежелгі және орта ғасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау 6.1.1.4 «Қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Кілтті сөздерді негізге ала отырып, қазақ халқының қалыптасының кезеңдерін сипаттаңыз.
Сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түркі, түркеш, құрлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, иран тілдес, еуропоидтық нәсіл, андрон тайпасы, моңғолоидтық нәсіл, түркі тілдес тайпалар.
Андронов кезеңі ________________________________________________________________________________
Сақ кезеңі ________________________________________________________________________________
Түрік кезеңі ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қорытынды ой
- Кестеде "Қазақ" этнонимі туралы деректерді сәйкестендіріңіз
№ | Ғалымдар | «Қазақ» сөзі туралы пікірлер |
1 | В.В. Радлов | A.«Қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар» |
2 | Ш.Ш.Уалиханов | B.«Қазақ күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді» |
3 | Ш.Құдайбердіұлы | C. Бастапқыда ол ерiктi, еркiн деген мағынада қолданылды. |
4 | Б.Кәрібаевтың | D.«Қазақ өз алдына ел болып жүреген халық» қазақ – түркi сөзi |
5 | А. Н. Бернштам | E. «Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес |
6 | Ибн Рузбихан | F. «қазақ» сөзі каспий мен сақ тайпасының бірігуінен тайда болған деп тұжырымдайды. |
Жауаптары
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||
Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді сипаттайды | 1 |
|
| ||||||||||||
«Қазақ» этнонимінің мағынасына түсіндірме береді | 2 |
|
| ||||||||||||
Жалпы балл | 10 |
«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді сипаттайды | Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін (андронов/сақ/түркі) сипаттауда қиналады | Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін (андронов/сақ/түркі) сипаттауда және қорытынды ой жазуда қателіктер жібереді | Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін сипаттайды | ||
«Қазақ» этнонимінің мағынасына түсіндірме береді | «Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді (Радлов/ Уәлиханов/Құдайбердіұлы/ Кәрібаев/ Бернштам/ Рузбихан) сәйкестендіруде қиналады | «Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді (Радлов/ Уәлиханов/Құдайбердіұлы/ Кәрібаев/ Бернштам/ Рузбихан) сәйкестендіруде қателіктер жібереді | «Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді сәйкестендіреді |
«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Қазақ хандығының құрылуы |
Оқу мақсаты | 6.2.3.4 М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау 6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Мәтінді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінен үзінді
Бұл уақытта Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы тегінен тараған сұлтандарға көп зардап шектірді. Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға барды. Есен-Бұға хан оларды жылы шыраймен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округтерін берді.
Кейбір жошылық сұлтандар Әбілхайыр хан тарапынан төніп келе жатқан қатерді алдын-ала сезіп, оны болдырмауға тырысты. Сол мақсатпен олар Керей хан, Жәнібек сұлтан және сол сияқтылар азғантай адамдары мен Әбілхайыр ханнан қашып, Моғолстанға келді.
Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан (хижра бойынша) басталады. Аллаға бәрі мәлім.
(М.Х.Дулати. Тарих-и Рашиди. Алматы 2003, 305-306-беттер)
Керей мен Жәнібек бастаған топтың Әбілқайыр ханнан кету себептері неде?
Керей мен Жәнібек бастаған қазақ елін Моғолстан билеушісі не себепті құшақ жая қарсы алды?
Еңбектің маңыздылығын дәйекпен түсіндіріңіз.
- Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтаңыз.
Қазақ хандары | Қазақ хандығын құрудағы рөлі | Маңызды қадамдарын көрсетіңіз |
Керей мен Жәнібек хандар |
- Кестеде Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
Саяси маңызы | Экономикалық маңызы | Әлеуметтік-этникалық маңызы |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||
М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіреді | 1 |
|
| ||||||
Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды | 2 |
|
| ||||||
Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын көрсетеді | 3 |
|
| ||||||
Жалпы балл | 8 |
«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы»бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатыстыата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні __________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіреді | Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған қазақ елі Әбілхайыр хандығынан шығып қай елге келгенін ғана атап жазады. М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттауда қиналады
| Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған қазақ елі Әбілхайыр хандығынан шығып қай елге келгенін, қазақ елін Моғолстанн билеушісінің құшақ жая қарсы себебін, Әбілқайыр ханнан қашу себептерін атауда, М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттауда қателіктер жібереді
| Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған қазақ елі Әбілхайыр хандығынан шығып қай елге келгенін, қазақ елін Моғолстанның қай билеушісі құшақ жая қарсы алғанын, Әбілқайыр ханнан қашу себептерін атайды. М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттайды | ||
Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды | Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін/ маңызды қадамдарын анықтауда қиналады | Қазақ хандары Керей мен Жәнібектің мемлекетті нығайтудағы рөлін/ маңызды қадамдарын анықтауда қателіктер жібереді | Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды | ||
Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын көрсетеді | Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттауда қиналады | Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығының саяси/экономикалық/әлеуметтік-этникалық факторлар бойынша анықтауда қателіктер жібереді | Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттайды |
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы. Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі |
Оқу мақсаты | 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтаңыз.
2. Төмендегі кестеде қазақ хандарының көршілес мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынасын анықтаңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||
Мемлекетті нығайтудағы ханның рөлін анықтайды | 1 |
|
| ||||||||||||
Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдайды | 2 |
|
| ||||||||||||
Жалпы балл | 10 |
«Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімібойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушыныңаты-жөні: ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Мемлекетті нығайтудағы ханның рөлін анықтайды | Тәуекел хан/ Тәуке ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтауда қиналады | Тәуекел хан/ Тәуке ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтауда қателіктер жібереді | Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды | ||
Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдайды | Тәуекел хан/Хақназар ханның көршілес мемлекеттер: Жоңғар мемлекеті/Ресей мемлекеті/ Орта Азиямен қарым-қатынасын анықтап талдауда қиналады | Тәуекел хан/Хақназар ханның көршілес мемлекеттер: Жоңғар мемлекеті/Ресей мемлекеті/ Орта Азиямен қарым-қатынасын анықтап талдауда қателіктер жібереді | Тәуекел хан/Хақназар ханның көршілес мемлекеттер: Жоңғар мемлекеті/Ресей мемлекеті/ Орта Азиямен қарым-қатынасын анықтап талдайды |
«XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті |
Оқу мақсаты | 6.2.2.1 Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау 6.2.2.5 Көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктерін сипаттау 6.4.1.2 Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
XVI – XVII ғ қазақ даласында кең таралған күйлер
«Шыңғыснама» қандай ақпарат береді?
2. Суретті пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңыз.
Киіз үйдің құрылысы | Киіз үйдің жабдықтары | Киіз үйдің заманауи баспаналардан ерекшеліктері |
3. Жылқының маңызын түрлі салалар бойынша сипаттаңыз.
Жылқының шаруашылықпен байланысы
Жылқының салт-дәстүрмен байланысы
Жылқы сүтінің емдік қасиеттері
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||
Қазақ халқының күйлері мен шежіресін дереккөз ретінде айқындайды | 1 |
|
| ||||||
Көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктеріне сипаттама береді | 2 |
|
| ||||||
Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтайды | 3 |
|
| ||||||
Жалпы балл | 8 |
«XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушыныңаты-жөні: ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Қазақ халқының күйлері мен шежіресін дереккөз ретінде айқындайды | XVI – XVII ғ қазақ даласында кең таралған күйлерді атауда, «Шыңғыснама» туралы жазуда қиналады | XVI – XVII ғ қазақ даласында кең таралған күйлерді атауда, «Шыңғыснама» туралы жазуда қателіктер жібереді | XVI – XVII ғ қазақ даласында кең таралған күйлерді атауда, «Шыңғыснама» туралы жазады | ||
Көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктеріне сипаттама береді | Киіз үйдің құрылысын, жабдықтарын, заманауи баспаналардан ерекшеліктерін сипаттауда қиналады | Киіз үйдің құрылысын, жабдықтарын, заманауи баспаналардан ерекшеліктерін сипаттауда қателіктер жібереді | Киіз үйдің барлық құрылысын, жабдықтарын заманауи баспаналардан ерекшеліктерін сипаттайды | ||
Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтайды | Жылқының шаруашылықпен, салт-дәстүрмен байланысын, емдік қасиеттерін анықтауда қиналады | Жылқының шаруашылықпен, салт-дәстүрмен байланысын, емдік қасиеттерін анықтауда қателіктер жібереді | Қазақ халқы үшін жылқы малының ерекшеліктерін анықтайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?