Қайын атаcынан таяқ жеген келіншек көпшіліктен кеңес сұрады

Қайын атаcынан таяқ жеген келіншек көпшіліктен кеңес сұрады

Қайын атасымен бірге тұратын келіншек одан таяқ жеген себепті үстінен арыз жазбақ болғанын сөз етті. Алайда әйел адамның күйеуі оны бопсалап, әкесіне күйе жақпауын айтқан. Жұбайынан қолдау көре алмаған келіншек көпшіліктен кеңес сұрады деп хабарлайды nur.kz.

Келіншектің сөзінше, қайын атасы ащысуға тойып, келініне қол көтеріпті. Бұған шыдамаған кейіпкер бірден оның үстінен арыз жазбақ болған. Алайда оның ойын ызаға булыққан күйеуі өзгертіпті. Айтуынша, ер адам әйелінің сөзін жоққа шығарып, енді өз үйінен безіп жүр екен.

"Өзіміздің пәтерімізде күйеуім, екі балам және қайын атам бірге тұрамыз. Әкесі бір күні үйге мас болып келіп, бейәдеп сөздер жаудыра бастады. Мен де қарап тұрмай, онымен ұрсыса кеттім. Сол кезде мені ұрып тастады. Содан соң учаскелікті шақырдым. Ол келгеннен кейін арыз жазасыз ба деп сұрады. Мен жазатынымды айттым.

Күйеуім ол кезде жұмыстан үйге қайтып бара жатқан. Ол келген бойда көз жасымды тыя алмай бәрін айтып тұрсам, ол: "Қай жеріңді ұрды? Неге өтірік айтасың. Неменеңе арыз жасып отырсың, қазір жазатын болсаң осы жерде-ақ жаныңды көзіңе көрсетемін деді. Балалар бәрін естіп тұр. Әкесін алып кетті. Сол түні үйге қонған жоқ, сөйтсем, достарымен қыдырып көңіл көтеріпті", - дейді келіншек.

Жарақат алған келіншек енді не істерін білмей отыр екен. Оның сөзінше, жұбайы бір аптадан бері онымен сөйлеспей жүр екен.

Мен болсам аяғымның ауырғаны қоймаған соң шыдамай ауруханаға бардым. Аяғымнан жарақат алып, саусақтарым шытынап кетіпті. Қазір не істерімді білмей отырмын. Күйеуім менімен бір аптадан беру сөйлеспейді", - деп ағынан жарылды келіншек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Алия Айтбаева
    Алия Айтбаева 04.11.2014 13:26
    0 + 0 -
    кооо кадааанн жаксы фильм мыжыңғо мынау корермендерді до того тупой деп ойлайма екен әлде ундістанда шынымен солайма екен қай киносы болсада мыжып кеткееееннн