Қазақ тілі мен әдебиеті 1 сынып 6-бөлім «Cалт дәстүр мен ертегілер» Ұлттық ойындар туралы түсінік ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:23/02/16

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Пән: Қазақ тілі және әдебиет

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

6-бөлім « Cалт - дәстүр мен ертегілер»

Ұлттық ойындар туралы түсінік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.1.1.1 Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі

1.1.7.1 Аудио -, видео жазбаларды тыңдай отырып, оқиғаның немесе ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын білдіреді.

Сабақ мақсаттары

Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі.

Аудио -, видео жазбаларды тыңдай отырып, оқиғаның немесе ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын білдіреді.

Жетістік критерилері

Ұлттық ойын түрлерімен ажырата алады.

Сөздік қор

ұлттық ойын, асық, алтыбақан, көкпар,тоғызқұмалақ,

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ұжымдық жұмысын дамыту,оқушылардың дүниетанымын дамыту

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Ұлттық ойындар туралы түсінік. Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта ұлттық ойын түрлері туралы білеміз.

Сабақ ортасы

30мин

(Ұ) Мектепке (сыныпқа) оқушылардың ата-анасын немесе ата - әжелерін шақыру. Олар оқушыларға өздерінің балалық шақта ойнаған ойындары туралы әңгіме айтып береді.

Балалар сендер естіген ойындар бұл күндері ойнала ма?

Ол ойындардың бүгінгі ойындардан қандай айырмашылықтары бар ?

(МК)

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.

1.Аңға байланысты ойындар:

Ақсерек - көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас - құлақ,

2. Малға байланысты ойындар:

Соқыр - теке,

3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала,

ақсүйек,алтыбақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс,

(Ұ) Ойын ережесі туралы видео материал көрсету. Оқушылардан ойынды ережеге сүйене отырып асық ойнату.

Асық. Ойын ережесімен таныстыру

оқушыларға Асық ойыны және арқан тартыс ойыны туарлы видео көрініс көрсету

Оқушылардың ережеге сәйкес ойнауын бағалау. Сәтті шыққан тәсілдерді бақылау

 Кең жерде, аулада дәлізде оқушыларға ойынның қалай ойналатынын көрсету.

Дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы.

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, ондағы дауыссыз дыбыстар жіңішке болып айтылады.

(Ж)

Ұлттық ойын түрлерінен дауыссыз дыбыстар жіңішке болып айтылатын ойындардың астын сыз.

Асық, қыз қуу, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, ақсүйек, ақсерек - көксерек, соқыр - теке.

https://www.youtube.com/watch?v=V8b6r1aPly0

Асық. Ойын ережесімен таныстыру

Арқан тартыс - ұлттық ойын

Сабақтың соңы

5мин

Сабақты қорытындылау.

Қандай ұлттық ойын түрлерін білдіңдер?

(Ұ) Кері байланыс.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Ұлттық ойын түрлері туралы айтуда қиналған оқушыларға жеке қолдау көрсету.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Ұлттық ойын түрлерін біледі.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу