Ораза 2022 жылы қашан басталады?


Ораза – мұсылманның бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, тамақ ішуден және өзге де оразасын бұзатын заттардан бас тартады. 2022 жылы Рамазан айы 3 сәуір басталып, 2 мамыр аяқталады. 


Таң атқаннан күн батуына дейінгі аралық – ораза уақыты. Құранда ораза уақыты туралы былай делінген: "Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейін ұстаңдар".


пайдалы сілтемелер:



Рамазан айы адамдарды тек нәпсісін тиюға ғана үйретіп қоймайды. Ол адамдарды жамандықтан сақтайды. Құранда айтылғандай, негізгі мақсаты – мұсылманды тазартып тақуалық деңгейге жеткізеді. Сонымен қатар ораза кезінде ырыс-берекетінің қадірін түсінеді. Әдетте түрлі тағамды жеп жүрген адам Рамазан айында күні бойы аштық сезімін сезінеді. Кешке ауыз ашқан соң судың да қадіріне жетеді. 


Оразаның негізгі шарттары:

  • Мұсылман болу. Ораза тек мұсылмандарға парыз. Ал жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ғибадаттарына қаза керек емес;
  • Балиғат жасында және ақыл-есі түзу болу. Балалар мен ақыл-есі ауысқан адамдарға Рамазан айында ауыз бекіту міндетті емес. Олардың санасы толық болмағандықтан, мұндай жүрмейді;
  • Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу. Науқастар мен жолаушыларға Ораза ұстау міндеттелмейді. Дегенмен ораза ұстаса, қабыл болады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. бокейхан
    бокейхан 30.03.2022 13:43
    1 + 1 -
    куптан деген не
  2. Оқырман Ернар
    Оқырман Ернар 25.03.2022 12:29
    0 + 2 -
    Ораза 30 күн боламайма негізі неге 29 күн