Тәуелсіздік 30 жылдығына өлеңдер, тақпақ, құттықтау, тілектер

Тәуелсіздік 30 жылдығына өлеңдер, тақпақ, құттықтау, тілектер

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған өлеңдер жинағы

Сыйластықпен үн қатар арда қазақ,
Бақ таймасын басыңнан шаттығы мол.
Әрбір күнің қазағым болсын ғажап,
Тәуелсіздік тұғырлы боп, айтарым сол.

Тәуелсіздік отыз жыл құт әкелсін,
Бар жақсыны елімізге құп әкелсін.
Алла өзі жар болып баршаңызға,
Бар бақытын екі есе қып әкелсін!

Аман болсын халқымыз, бұл еліміз,
Азат болып кең байтақ бұл жеріміз.
Тәуелсіздік мәңгілік тұғырлы боп,
Жайнай берсін құлпырып гүлдеріміз!




Келді міне, отыз жыл! Тойла қазақ,
Азаттықтың ақ таңы қуандырып.
Биле, биле шаттана, тойда қазақ,
Өлеңдете, «отыз жыл» жыр қалдырып!

Пейіліміз қазағым тарылмасын,
Ағын судай жарқырап арындасын!
Қазағымды ең мықты ел ретінде,
Бүкіл әлем бас иіп қабылдасын!

Шаттандырған қуантып — отыз жылдық,
Мақтан қылған жырлатып — отыз жылдық.
Тәуелсіздік мерейтой құтты болып,
Отыз жылды Алла берсін жүз жыл қылып!


Пайдалы сілтемелер:



Қазақстан, Отаным! Азат елім!
Мейірімді, қонақжай, ғажап елім.
Қайрат, Ләззат, Сәбира үндеп тұрар,
Егеменді, тәуелсіз азат жерім!

Желтоқсанның ызғарын артқа салған,
Боздақтарым көздерін жасқа малған.
Сол жастардың жанымен келген жеңіс,
Азаттықтың көк туын қолға алған.

Азаттыққа отыз жыл болды міне,
Қазақстан, Отаным! Байтақ елім!
Аспанымда желбіреп көк байрағым,
Әнұранды жүрекпен айтар елім!



Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тақпақтар

Көк байрағың аспанда күлім қағып,
Жасай берші қазағым, елім менің!
Егеменді, тәуелсіз азаттықта,
Жасай берші кең байтақ жерім менің!

Отыз жылда ел жаңа, жаңа далам,
Тұрғызылды Бәйтерек, жаңа қалам.
Бейбіт күнде қазағым жасап жатыр,
Арман еткен күндерде ата-бабам!

Биігіңнен құламашы, жаса қазақ,
Алла қолдап жалғасып күндер азат.
Отыз жылдық мерекең құтты болып,
Тербей берсін бақытты күндер ғажап!


Пайдалы сілтемелер:



Бір өзіңе қарасам көзім тоймас,
Егеменді тәуелсіз елім менің!
Күлім қағып Атырау, Алтай бізге,
Азаттықта жайқалған жерім менің!

Отыз жылдық азаттық есік ашып,
Кең даламды маралдай тербеп жатыр.
Тәуелсіздік біздерге бақыт сыйлап,
Құлағанға дем беріп, емдеп жатыр.

Қазақстан, Отаным, байтақ елім,
Сенде тудым, өмірге қайта келдім.
Отыз жылдық мерейтой құтты болсын,
Айта бергім келеді, айта бергім!




Тәуелсіздік 30 жылдығына арналған құттықтаулар тілектер

Тәуелсіздік бақытым, бағым менің,
Тәуелсіздік жақұтым, жаным менің.
Жүрегімнің төрінен орын алар
Тәуелсіздік айбыным, арым менің!

Отыз жылда азаттық таң сыйлаған,
Отыз жылда құлпырған бар айналам.
Тәуелсіздік тірегім, жан жүрегім,
Әрбір жері жайқалып гүл жайнаған!

Қайраттарым қандарын еткен беріс,
Сібиралар арымен келген жеміс.
Отыз жылды еңсеріп отыр міне,
Ләззаттардың жанымен енген жеңіс!




Желтоқсаншы жастардың тілегі бар,
Тәуелсіздік құтты болсын қазағым!
Соғып тұрған қазақтың жүрегі бар,
Тәуелсіздік айнымайтын ғажабым!

Тыныштықтың күн-түні үн қатып,
Азаттықтың ақ таңы тоқтамасын!
Айбынды елім шаттықта өмір сүріп,
Ата-ана баласын жоқтамасын!

Жанарыңда мұң болмай арда қазақ,
Арта берсін бақытың, құт-берекең.
Жанымызды шаттықта қуандырар,
Құтты болсын отыз жылдық мерекең!



 

Азат елім, ғажап елім — қазағым,
Бір өзіңсің айнымайтын ғажабым.
Отыз жасқа толып жатсың міне сен,
Ғайып болып басыңдағы азабың.

Сәбира мен Ләззат, Қайрат үн қосқан,
Қуат беріп, қайрат беріп көк аспан.
Тәуелсіздік есік ашты айқара,
Отыз жылдық мерекемен ұштасқан.

Құтты болсын отыз жылдық мерекең,
Оу қазағым азаттықты аңсаған.
Тәуелсіздік мәңгі болсын, тек алға,
Барлық ғалам бір өзіңе тамсанған!




Тәуелсіздік тұғыры құламасын,
Шекарамыз темірдей берік болып.
Ендігәрі қазағым жыламасын,
Азаттықтың атына мәңгі қонып.

Отыз жылдық еліміз тамыр жайып,
Бақ-береке басына тұраласын.
Елімізде орналып бар ғажайып,
Сәтсіздіктер өрнегін құрамасын!

Тәуелсіздік тұғыры берік болып,
Отыз жылдық мереке шаттық берсін!
Бұл мерейтой ұласып мерейтойға,
Бар жақсысын еліме алып келсін!


Тәуелсіздік күніне Құттықтау тілектер

Сізге Тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауымды жолдаймын. Шын жүректен одан әрі ілгерілеу мен өркендеу тілеймін.
***
Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.
***
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!
***
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз.
Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.
***
Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін.
***
Сізге ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке - бірлік, деніңізге саулық тілеймін.
***
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын.
***
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу