Үй жануарлары және жабайы жануарлар туралы жұмбақтар жауабымен


Жан-жануарлар туралы жұмбақтар жауабымен


Көп қой көрсем
Шетінен
Бауыздарға құмармын.

Жауабы: қасқыр


 Ұзын құлақ,
Қыли, жырық ерін
Тез жүгірер

Жауабы: қоян


Өзі қу, жүрген жері айқай да шу

Жауабы: түлкі


Орманда кезеді,
Қорбаңдап жүреді

Жауабы: аю


 Ауыр ағашты тасуға ұста,
Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа

Жауабы: піл


Үй жануарлары туралы жұмбақтар


1. Кезікті бір жануар,
Арқасында тауы бар

Жауабы: түйе


2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар

Жауабы: қой


3. Қос мүйізді, төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақ.

Жауабы: Сиыр


4. Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.

Жауабы: Ешкі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу