☎️Елде ұялы байланыс қызметі күрт қымбаттады



📈Қазақстандық сарапшылар соңғы жылдары Қазақстанда ұялы байланыс қызметінің қаншалықты қымбатқа түскенін есептеп көрді.


Бірінші несие бюросының сарапшылары баға соңғы 13 жылда жоғары қарқынмен өсті деген қорытындыға келді.

🗣«Биыл ақпан айындағы баға қаңтар айымен салыстырғанда 6,2%-ға өсті. Бұл – 2011 жылдың қаңтарынан бері ең жоғары айлық көрсеткіш. Соңғы рет 2023 жылдың шілде және тамыз айларында бағаның күрт қымбаттағаны тіркелген еді (2,8%). Ал ұялы байланыс қызметі соңғы рет 2018 жылдың ақпан айында арзандады», - делінген Бірінші несие бюросының хабарламасында.

Еске сала кетсек, биыл 15 қаңтарда Tele2, Kcell және Beeline ұялы байланыс операторларына сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3,2 миллиард теңге айыппұл салынған болатын.

❓Сізде қандай байланыс операторы? Айына қанша төлейсіз? Сапасы бағасына сай ма?👇



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу