Сынып сағаты тақырыбы: «Арулар асыл жандар»
Сынып сағаты тақырыбы: «Арулар асыл жандар»
1- жүргізуші Асқат:
Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Елдананың алдында талай іс тұр,
Болашақта үміт отты жандырады.
2- жүргізуші Еркебұлан:
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін
Екінші келе жатқан –бұл Зарема
1- жүргізуші Асқат:
Жақсыдан артта із қалмақ,
Данадан айтар сөз қалмақ,
Еркеназдай аруға қарасаң,
Жайнап бір тұрған қызғалдақ.
2- жүргізуші Еркебұлан:
Жанель деген арудың,
Суреттесең келбетін
Шартарапқа шашып нұр,
Аспанның айы жерде тұр.
1- жүргізуші Асқат:
Мінезі жұмсақ мақпалдай,
Көргенде таңдай қақандай.
Каусар ару қайда бар
Арайлап атқан ақ таңдай.
2- жүргізуші Еркебұлан:
Сабырлы әрі салмақты,
Өзі өнерлі, жан-жақты.
Келе жатқан Мадина
Мерекені бүгін жалғапты.
1- жүргізуші Асқат:
Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.
Илана қыз ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген
2- жүргізуші Еркебұлан:
Инабатты ибалы
Достыққа ол шынайы
Қарсы алайық Інжуді
Жарқын жүзді жайдарлы
1- жүргізуші Асқат:
Сыпайы оның мінезі
Жанға шуақ лебізі
Ортамызда Алқажан
Сұлу қыздың үлгсі
2- жүргізуші Еркебұлан:
Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Сыныптың мақтанышы бұл ару
Алтынайдай қыз табылмас
1- жүргізуші Асқат: Армысыздар, гүлдей құлпырған, даланың лала гүліндей жайқалған қыздар!
2- жүргізуші Еркебұлан: Бүгінгі келіп жеткен сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні, аналар күні, қыздарымыздың төл мерекесі құтты болсын!
1- жүргізуші Асқат: Аналарым, әжелерім ақ маңдай,
Сүйсіндіріп, ағарып таң атқандай.
Бар табиғат құлпырып-ақ кетіпті,
Сұлулыққа басын иіп жатқандай.
2- жүргізуші Еркебұлан: Па, шіркін! Қандай өлең, арнадың,
Өлеңіңді өлеңіме жалғадым.
Мың сұлудың алдындамыз қарашы,
Бар ма, айтшы, бүгін сенің арманың
1- жүргізуші Асқат: Иә, арман демекші, армандау әрбір оқушының қасиеті. Болашақ түлектер, білімді ұрпақ. Ал сол білімді ұрпақты тәрбиелеуші кім?
2- жүргізуші Еркебұлан: Ұстаз! Ұстаздың қолына әкеліп, бізді тапсыратын кім?
1- жүргізуші Асқат: Аналар! Анамыздан тығып сарқытын беретін кім?
2- жүргізуші Еркебұлан: Әжелер! Әжелерінің сүйікті әрі сұлу немерелері кім?
1- жүргізуші Асқат: Қыздар! Барша әйелдер қауымы БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Біздің бүгінгі сіздерге арнап отырған «Әлемнің асылы – сұлулар» атты концертімізге қош келдіңіздер!
2- жүргізуші Еркебұлан: Концертімізді бастамас бұрын Жігіттеріміз дайындаған видеороликке кезек берейік. Шапалақпен қарсы алыңыздар!
1- жүргізуші Асқат: Аналар демекші, анаңа осы мереке күні қандай сыйлық берейін деп жатырсың?
2- жүргізуші Еркебұлан: Білмеймін әлі. Бәлкім гүл алатын болармын.
1- жүргізуші Асқат: Әпкең мен әжеңе ше?
2- жүргізуші Еркебұлан:Айта бермеші, онсыз да басым қата бастады. Тез өтіп кетсе екен...
1- жүргізуші Асқат:Жылына бір келетін мерекені тез өтіп кетсін дегені несі, қой қайта қуану керек. Аналардың мерекесі ғой.
2- жүргізуші Еркебұлан:Бір нәрсе айтайыншы, қызыңа не аласың?
1- жүргізуші Асқат: Ойбу, мереке тез өтіп кетсе екен...
2- жүргізуші Еркебұлан:Әрине, мұның бәрі әзіл. Біз концертімізді әрі қарай жалғастырамыз. Ортада өздерінің қыздарға деген ән шашуымен сыныбымыздың сері жігіттерін қошеметпен қарсы алыңыздар. «16 қыз» әні.
1- жүргізуші Асқат:Қыздар, қыздар, сұлу қыздар... ( әнін әндетіп сахнаға жүргізуші шығады)
2- жүргізуші Еркебұлан:Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған... (екінші әнді орындап екінші жүргізуші шығады).
1- жүргізуші Асқат:Шынымен, әлем ақындары таң қалатындай, қыздар қауымы сұлу ғой шіркін. Олардың күлкісі аққан бұлақтың сыңғыр дауысындай.
2- жүргізуші Еркебұлан:Көздері мөлдір, жаңа жауған жаңбырдың тамшысындай.
1- жүргізуші Асқат:Жүздері жұлдыздан жаралғандай, жарық шашып тұрады.
2- жүргізуші Еркебұлан:Жә, осы жерден тоқтатып, келесі өнерпаз жігіттерге кезек берейік. Өздерінің қағытпа-қалжыңдарымен жігіттерден құралған жайдарман құрамасын қарсы алыңыздар.
(әзіл ойнайды. 5-10 минут арасы)
1- жүргізуші Асқат: Нағыз қазақ, қазақ емес – домбыра демекші, ортада күмбірлеген күйімен Маулет Ағанасты______________________________ қарсы алыңыздар!
2- жүргізуші Еркебұлан:Осы қыздар қауымын «әлемнің сегізінші кереметі» десем сенесің бе?
1- жүргізуші Асқат:Қалай сонда?
2- жүргізуші Еркебұлан:Әлемнің жеті кереметін бәріміз білеміз, сол секілді қыздарды білмейтін адам жоқ қой.
1- жүргізуші Асқат:Сен қызықсың, жігіттерді де біледі ғой.
2- жүргізуші Еркебұлан:Жоқ, бізді біледі. Бірақ біз олар секілді еленіп-ескерілмейміз ғой. Олардың сұлулығына тамсанып қанша ақын жыр жазды, ән жазылды, күй шықты, тіпті, білмеймін енді.
1- жүргізуші Асқат:Қой, олай көңіліңді түсірме. Сен негізі білмейді екенсің. Олар тек бүгін, 8 наурыз күні ғана еленеді. 365 күннің бір күні ғана нәзік жандылардың, ал қалған 364 күн біз секілді нәзік емес жандардың күні ғой. Қайта мақтан!
2- жүргізуші Еркебұлан: Оны ойламаппын. Жарайды. Қарсы алыңыздар, ортада өз өнерлерімен жігіттерді қарсы алыңыздар. «Тренд билер»
1- жүргізуші Асқат:Көктемменен құлпырып,
Жүректерге нұр тұнып.
Қайта жарды бүршігін,
Бәйшешектер бұлқынып.
2- жүргізуші Еркебұлан: Мерекесі асылдың,
Мерейін ал асырдым.
Сұлулары әлемнің,
Сұлулары ғасырдың.
1- жүргізуші Асқат: Сіздерге шын жүректен бақыт және сұлулық тілейміз. Қартаймаңыздар. Мәңгі жасыл шыршадай құлпырып қасымызда жүре беріңіздер!
2- жүргізуші Еркебұлан: Құрметті арулар тағы да мерекелеріңізбен! Келесі күнде жолыққанша сау болыңыздар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?