Туған жер эссе
Құрметті оқырмандар! Осы мақалада туған жерге арнап эсселер мен шығармалар жарияланды.
Туған жер – алтын бесігім
Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы. Туған жер арқылы еліңнің өткені мен болашағын байланыстыра аласың. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. Отан дегеніміз не?- деген сұрақ туындайды. Туып өскен жер ме, мәдениет пе, әлде отан ол «үйренген орта»-ма. Әрине, «орта» деген сөзге көп нәрсе кіреді. Қазақ жерінде туса да, туған бетте шетелге кетіп қалған бала, туған елін отаным деп санамайды. Өйткені, туған жерінде өспегендіктен, оған деген ыстық сезім туындамайды. Адамзат өмірінде адам болып туғаннан кейін қазақ жерінің азаматы, баласы болып туу үлкен мәртебе. Олай болса, туған елге деген патриоттықтың алғы шарттары менің пікірімше «Менің елім Қазақстан, мен отанымды сүйемін, мен қазақпын» деген сөздерді айтудан бастау алады. Бірақ, көп адамдар «сүйемін деп» айтуға үйір емес. Біз отанымызда өмір сүріп жатқан кезде отан «Отан оттан да ыстық» дегенге мән бермейміз. Ол үшін адам баласы жанын беруге дайын болуы тиіс. Біз тек өзіміз аман есен, жақсы өмір сүріп жатсақ, жақсы тамақтанып, жақсы киінсек, мінер көлігіміз жылы, ыңғайлы, жайлы үй болса, барлығы болса — деп өмір сүреміз. Алайда, отан деген осы айтылғандардан мүлде басқа нәрсе екенін, өмірден де артық зат екенін әр азамат сезіне бермейді. Екіншіден, әр қазақ азаматтарының әскери борышын өтеу арқылы одан көп нәрсе үйренуден, отанға деген құштарлықтан, отан деген сөздің түп-төркінін білуден, отанын құрметтеуден, қорғаудан басталады. Кез келген уақытта отан үшін жанын беруге дайын екенін түсінуден тұрады.
Пайдалы сілтемелер:
- Туған жер туралы барлық шығармалар
- Туған жер туралы эсселер
- Туған жер туралы барлық өлеңдер
- Туған жер туралы Мақал-мәтелдер ✍️
- Туған жер туралы Тақпақтар ✍️
Қазақтың болашағын жалғаушы ұрпақ ретінде «менің елім» мен сен үшін әрқашан бас тігуге дайынмын, мен сені сүйемін деп үнемі айтып жүру патриоттыққа баулиды. Біздің ата-бабамыздың тарихта ұлаңғайыр жер қалдырып кеткенін бағалау парыз. Оның байтақ даламен де дәлелденетінін естен шығармау керек. Патриоттыққа көшпелі қазақтың салтын санасын сақтауда кіреді. Бүгінгі қоғамда патриоттықты сезіне алмайсың, патриоттар санаулы, патриоттыққа келгенде жасандылыққа жол берілуде. Бұл патриоттықтың шарттарын жоғалтудың белгісі. Міне өмір, табиғат, жер, туған өлкесін дұрыс пайдалану, қорғау және т.б. келгенде нағыз ғылыммен есептеп өмір сұру керектігін талай ғалымдар айтуда. Бұл пікірге санасу қажеттілік. Қазақтың көшпелі өміріндегі салт-санасы арқылы келген мінезде отанына деген патриоттық оянатынын көбісі сезіне бермейді. Ақын жазушылардың философ ғылымдардың ел туралы жазған өлеңдері адам баласын толғатпай қоймайды. Мысалы, туып-өскен жері туралы толғанып, ой жетегіне берілген Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойға оралады: Қымбат маған елімнің бар даласы, Балтық пенен Сахалиннің арасы. Қайда болсам қиям оған жанымды, Туған жерден қазсын бірақ қабірді» деген екен.
Туған елге, туған жерге, туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді. Уақыт өзгерген, технология көптеп енген бұл заманда адамдар тіршілік тынысына терең кірді. Осындай уақытта отаның туралы насихаттау, оның мәнін түсінуді кейінгі ұрпаққа үйрету әр азаматтың парызы. Атақты қолбасшы Шыңғыс хан былай деді: «Өзімнен күш қуат кетсе де, ақыл ойдан адастырмасын, бүтін денем жараланса да, тұтас елім бөлінбесін» — деп айтуы отанға деген ыстық сезімін, оның толыққанды азаматы болуын, шекарасының мықты болуын, оны қарайтын адамының болуын, атамекені мен туған жеріне деген ықыласын көруге болады.
Сол сияқты «Мен қазақпын деп айту үшін Қазақ деп соғатын жүрек болу керек» деп ойлаймын. Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, — деп Ж.Молдағалиев жырлағандай қазақ елі барлық ауыртпалыққа төзе білген батыр халық, ержүрек халық! Осындай патриоттық мінездерге қоғамды баулу кезек кұттірмейтін мәселе.
Менің Қазақстаным деп жайбарақат айта салу қиын. Оны айтқанда әр адамның бойын ерекше сезім билеуі, санада ерекше бір жарқын сезім жалт ете түсуі тиіс. Отан деп естігенде ел мен жерге деген махаббат оянуы, туған халқың мен туған елің алдындағы перзенттік парызың жайлы ойлар оралуы тиіс. Сол себептен оптимистік пен патриоттыққа бастайтын, баулитын айбынды азаматтық рухы бар жастар ды тәрбиелеп, отан туралы үгіт, насихат жұмыстарын үзбей орындау міндет. Бүгінгі таңда киелі Қазақ елі нығайуы үшін әр қайсысы елі үшін соғатын жүрегі, құрметтейтін сезімі, дұрыс ойы, еліне пайдалы құмар ісі, бір біріне деген құрметі, заңын ережесін сақтауы тиіс, сонда ғана елімізді өркендетуге деген жол ашылады.
Сондықтан әр азамат өз елінің патриоты болу үшін тиісті шарттарды есте ұстап жүруі парыз.
Жамбыл облыстық сотының судьясы Әзіретқұлов Д.А.
Туған жер - тұғырың туралы эссе
Уа, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей
Ақын болмай, тасың болсам мен егер,-
деп кезінде болашақ ұрпаққа мол әрі аса құнды мұра қалдырған Қасым Аманжолов ақын атамыз туған жерін осылайша өлең - жолдарымен сүйіп өткен екен.
Туған жер - ол біздің алтын бесігіміз, кіндік қанымыз тамған жер, анамыз. Адамзатта екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және де осы дүниеде өз бауырында аунатып өсірген жер анасы, туған жері. Адам баласына туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан - деген ұғымдар жүрегіне жақын ұғымдар. Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де туған жермен тығыз байланыста болады. Халқымыздың туған жерді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қадір тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған."Ата мекен - алтын бесік"деп, ата - бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Төсінде тербетіп, аялап әлпештейді. Әр адам өз туған жерін мақтаныш етеді, қадір тұтады. Туған жерге қызмет ету - әрбір азаматтың игі арманы, мақсат - мүддесі."Ұлтарақтай болса да, ата - қоныс жер қымбат"- деген мақал әр адамның жүрегіне терең ілтипатпен алынатын мақал. Туған жердің табиғат да бір ерекше! Сарыарқаның сарша тамызы, бұлбұлы сайраған көктемі әдемі ғой. Самайдан желкілдеген көшкін желде - бір алып. Ақ меруерттей көмкерілген біздің Сарысу Сарыарқа өзені. Бұл өлке адамның көзіне күндік жерден шалынады. Күн сәскеден жоғары көтеріле, сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағым Сарысу алабына сыймай, қазанда қайнаған сүттей аппақ күміс көбігін кең кемерден көпіршіте төгеді. Көктемнің кезінде кең жайылған Сарыарқаның кең даласы қанатын кең жайлап, жібектей жұмсақ болып, желмен жарыса жөнеледі. Омырауын сонау шалғынға тіреп, шайқалып, шешек атқан гүлдердей қанатын кең сермейді. Қарасаң көзіңнің ұшы - қиыры жететін тауда бір жас балаша арман қиялына басын сермеп тұр. Қарай берсең, беткей жағындағы алып жоталарда толқындай теңселіп, гүл бетіне оранып жатыр. Бұл - менің ауылым, туған жерім, ата-мекенім!
Туған жер... Туған ел...
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады:
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсам қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді.
Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.
Шәріпова Қарлығаш
А. Жанпейісов атындағы
№105 орта мектептің 11 «Б» сынып оқушысы
Туған жер тақырыбында эссе
Туған жер – бізді қоршап тұрған барлық нәрсе. Бұл дыбыстар мен түстерге, әсерлері мен ашылымдарымен ерекшеленетін үлкен нәрсе. Мен үшін Отанымыз алғашқы қадамдармен, алғашқы кітаптармен басталды. Әдемі-әдемі елдердің әртірлілігінен Отан – бқл және жайлы жер, туыстық, тәрбиелеу және тәрбиелеудің түп-тамырымен байланысты орын.
Туған жер – біз өскен жер, бұл бізді сақтаған мәдениет пен салт-дәстүр. Менің Отаным – гүлденген, хош иісті, көңілді, жарқыраған талантты Қазақстан.
Адамның туған жермен табиғи байланысы оған эмоционалды және саналы қарым-қатынасты айқындайды. Егер адам өзінің тағдырына бей-жай қарамаса, ол өмір сүретін Отанның мүдделерінен тыс шығып кетсе, кез-келген адамның өмірі толық болмайды. Туған жер – бұл бір адам, ол өзі үшін жауапты, тіпті ол үшін жауапты емес.
Туған жер – менің үлкен бөлігім, ал мен туған жер кішкене бөлігімін. Әр адамның өмірі мен тағдыры өз туған жердің тағдырына байланысты. Туған жердің тағдыры негізінен өз азаматтарының патриоттық сезімінің тереңдігі мен күшіне байланысты. Сондықтан туған жерге деген сүйіспеншілікті өмірлік философия ретінде қабылдаймын.
Туған жер – күнделікті өмірде бізді қоршаған адамдар. Бір аймақта туылған, үнемі бір-біріне жақсы түсінетіндіктен, олар ортақ тіл табуға және достауға оңай. Өйткені, олар бір нәрсе ортақ – олар туған ел, және бұл қазірдің өзінде көп! Басқа елде өмір сүретін адамдар жерлестерін кез келген адаммен, кейін туған елінен, туған қаласынан, туған жерлерінен толықтай белгісіз адаммен кездестіруге шын жүректен қуанады. Бірақ әрқайсымыз өз бұрышы бар – өз кішкентай Отанымыз.
Бұл қала, ауыл немесе ауыл, бұл көшеге және біз туған үйімізге, алғашқы қадамдарымызды бастағанымызда бірінші сөзді бірінші қуаныш пен алғашқы қылмыстарлды тапты. Мүмкін, егде жаста болсақ, ұлы туған жер, біздің елімізді жақсы көретіндігімізді түсінеміз. Жүрегіміз терең болса да, әрине, біздің елге шынайы сүйіспеншілік бар. Бірақ менің ойымша, біз қазір біздің отбасымыз – ата-анамыз, әжелеріміз бен ата-аналарымыздың үйі әлдеқайда жақын, аса құнды әрі айқын.
Бұл отанымыз туралы ойлансақ, ең алғашқы балалық шағымыз туралы ойланамыз. Осы сәтте мен анамның қолын есіме түсірдім,бұл менің аяқтарыма берік тұруға көмектесті;пештен шығарылған әже бәліштерінің таныс және бірегей иісі; Нәзік әндер және жұмбақ және қызықты балалар туралы ертегілер. Мен аулада қуанышпен ойнаған кішкентай-кішкентай котенок есімде. Балалық шағында мен мені және ата-анамның үйдің жанына отырғызған ағаштарға қараған кезде, нәзік, жылы сезімге жүрегімде оянады.
Кейде оларда бізге, адамдарға айтқым келеді. Құстар, бәлкім, осы аймақ туралы көптеген қызықты нәрселерді айтуы мүмкін! Бала кезімде менің әжем маған бау-бақша құлап түскен бірнеше құлпынай әкелді. Мен әлі күнге дейін жаңа піскен жидектердің осы ұмытыслыс дәмін сезінемін – оларды дүкенде немесе нарықта сатып ала аламыз. Өйткені олар біздің туған жерімізден, кішкентай Отанымыздан.
Ерте жастан бастап, ата-анам менің туған табиғатыма деген сүйіспеншілікті үйретті. Енді мен ешқашан нәзік гүлді жырмаймын, филиалда сән салатын құстарды қорқытпаймын. Мен бұл сұлулықты құтқарғым келеді, өйткені менің туған жерім көмектесуіме байланысты. Біздің айналамыздағы бүкіл әлем Отанымыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?