Әр бала үшін 4 миллионнан аса қаржы беру ұсынылды


миллион, қаржы, бала

Елімізде үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ана капиталын енгізу ұсынылды.


Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, елімізде ана мен баланы қолдауға арналған түрлі жобалар тиісті деңгейде олардың өмір сүру жағдайына әсер етіп отырған жоқ. ЮНИСЕФ-тің зерттеуіне сүйенсек, елімізде балалардың 15,6%-ті тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан, яғни бұл дегеніміз бір миллион баланы құрайды.


"Мемлекет бір нәрсені анық түсінуі керек, бүгінгі кедей балалар – ол ертеңгі кедей мемлекет", - деді ол.


Депутаттардың ұсынысы бойынша әлеуметтік төлемдерден енді адам капиталын енгізіп, әр баласы бар отбасыларға инвестиция жасау керек.

"Қазақстанда әр балаға 4,2 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік төлемді ана капиталы ретінде берген дұрыс. Бұл қаражатты әр ана қажеттілігіне қарай баспана алуға, баланың білім алуына немесе зейнетақы жинағына салуға құқылы болуы керек", - деді Смайылов.


Олардың айтуынша, елімізде ана мен баланың жағдайын жасауға қаражат барынша көп бөлінсе, кедейлік қана емес, балалар арасындағы аурулар мен зорлық-зомбылық та азаяды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: миллион, қаржы, бала