Мұхаммед пайғамбардың ﴾ﷺ﴿ түс жоруы



Бір қатын келіп Мұхаммед пайғамбарға:

—Түсімде үйімнің мәткесі сынды,—деді. Пайғамбар айтты:

—Жолаушың келеді екен,—деді. Айтқандайын күйеуі келді

 

Екінші  күйеуі  тағы  жолаушы  кетті,  қатыны  тағы алғашқысындай түс көрді. Пайғамбарға жорытайын деп келсе, үйінде жоқ екен. Әбубәкір хазіретке жолығып айтып еді, Әбубәкір:

—Күйеуің өледі,—деді. Оны қанағат етпей Пайғамбарға айт- ты. Пайғамбар:

—Бұдан бұрын ешкімге айттың ба?—деді.

—Әбубәкірге айтып ем,—деді. Пайғамбар:

—Сол болады,—деді. Мәлім болды, ері опат болды. Түс жо- рушылар айтады: қашан түс көрсең ғалымға, ақыл иесі кісіге айт. Дұшпаныңа, наданға, қатындарға айтпа. Түс неге жорыса, сол болады дейді.

* * *

Пайғамбарымыз айтқан: «Бір кісі  түсінде  мені  көрсе анық көрген болар, оның үшін шайтан менің һеш түріме ене алмайды»,—деген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу