Дара зат есім


Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын біл.

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы мен жағын жер.




Дара зат есімі бар тақпақтар.

Дара зат есім

Зат есімдер құрамы жағынан дара және күрделі зат есім болып екіге бөлінеді.

Негізгі түбірден жасалған зат есімдерді дара зат есім дейміз. Мысалы: бала, оқушы, кітап.


Оқу оқып адамдар,  

Білімді боп шығады,  

Қалам ұстап қолына,  

Өнер қуып шығады.  

Дәрежеге жеткенге  

Осы білім бұлағы,  

Әріп танып менің де,  

Оқуымның арқасы.  

Ғаламтор деп қазірде,  

Оқуды да қойыппыз,

Телефонсыз өмір ме?  

Үзбеу керек оқуды,  

Оқу керек біздерге.

(Авторы Ниязова Диана)



Кітап сенің қазынаң,  

Кітап сенің жан досың.  

Біліміңді асырар,  

Кітап сенің бақ құсың.

(Авторы Таңат Айару)


Аралайтын ішін сен,  

Тау мен Дала, Жазығың.  

Кітап дейтін түсінсең,  

Ақыл-ойдың азығы,  

Қадір-қасиет қазығы!  

Тұрар болса қаланып,  

Қазына, Байлық көп тегі...  

Балалықтан даналық

Басталатын өткелі,  

Адамзаттың- Болашақ,  

Бүгіні мен Өткені!  

Жаз, Күз, Қыс пен Көктемі...  

(Авторы Жарылқасын Боранбай)



Кітап деген басыңдағы білімің,  

Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.  

Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,  

Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.  


Кітап оқу бұлағым,  

Оқытатын ұстазым.  

Кітапта бар даналық,  

Оқып біліп алайық.



Зат есімдер қою әріппен жазылған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: дара, зат есім, тақпақ