Жылқы түсі


Жылқы тегін жай деме,

Ойнаған қан бәйгеде.

Қыздырғанда аламан,

Тұяқтары жараған.

Қатарласқан қос күрең,

Екеуі, сірә, дос білем.

Шабдар мен құла күштескен,

Құйрықты ала тістескен.

Торы мен боз да ортада,

Келеді шауып жол таба.

Бурыл мен қылаң қалыстау,

Топтан бөлек алыстау.

Аламан басы көлбеген,

Баран мен жирен терлеген.

Қарагер де алқынған,

Құлагер де тартынған.

Сары, күлгін, шұбарға

Қарқын керек бұларға.

Алашұбар, аққұла,

Арта қалды, қап, бұ да.

Жүйріктердің қарасы,

 Нешеу болды санашы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: жылқы, ат, санамақ