Сәбилi болуға көмектескен дұға
Өз басымнан өткен жағдайды баяндай отырып, баласыздықтан уайым кешкендерге аз да болса септiгiм тисiн деген мақсатта осы хатты жолдап отырмын.
Бой жеткен шағымда науқастанып, ауруханаға түскенiм бар. Сол шақта гинеколог дәрiгерлер “суықтағансың” деп бiраз ем-дом жасады. Алайда мендегi негiзгi дерттi ашып айтпады. Өкiнiшке қарай, өзiмнiң аналық бездерiмде ақау барын кейiнiрек ағам мен жеңгемнiң өзара әңгiмесiнен естiп қалдым. Iшкi жандүниемнен сең жүрiп өткендей күй кештiм. Екеуiнiң сөздерiнен ұққаным, мен болашақта балалы бола алмайды екенмiн. Аналық құрсағым дұрыс дамымаған.
Кейiнiрек мектеп бiтiрiп, үлкен оқу орнында оқып жүргенiмде де өз дертiме байланысты көп уайымдап, алдағы күндерiме күмәндана қарайтынмын. Оның үстiне өзiм ерекше балажанмын. Баласыз өтуден асқан қасiрет бар ма бұл өмiрде? Сөз салып, жүрегiн ұсынған жiгiттердiң бетiн қайтарып, тұрмысқа шығу мәселесiн кейiнге ысырдым. Ойым, бiлiктi дәрiгер маманға қаралып, өз денсаулығымдағы кiнаратқа көз жеткiзудi ойладым. Үлкен қалалардағы бiрнеше ауруханаға барып толық тексеруден өттiм. Әйткенмен, әу баста қойылған диагнозды басқалары да растады.
Тағдыр деген кейде сұрақты басқаша қояды емес пе?! Өзiм сырттай қатты ұнататын бiр жiгiт болатын. Бiрнеше рет үйленуге ұсыныс жасаса да, келiсiм бермегем. Бiр күнi сол жiгiт әлдекiмдер арқылы тойға шақыртып, менi алып қашты. Аттаған босағамда қалмауға әрекеттенiп, қарсыласып бақтым да. Бiрақ ештеңе шықпады. Не керек, менiң айтқан бiрде-бiр уәжiме болашақ күйеуiм де сенбедi. Сөйтiп бiр шаңырақтың келiнiне айналдым. Өзiм сүйетiн жанның жары болу қандай бақыт болса, сүйiктiңмен арада бала болмауы асқан қайғы екен. Бастапқы екi-үш жыл күйеуiм бала туралы аса сөз қозғай қоймайтын. Екеуiмiз отауымызды бөлек тiгiп, еншiмiздi алған күннен бастап нәрестенiң орны бiлiне бастады. Қаралмаған дәрiгер, бармаған емшiм қалмады. Нәтиже жоқ...
Сөйтiп жүргенде, Құдайдың себеп етуiмен пойызда Айша апамен таныстым. Ұзақ жолда әрненi сөз етiп отырып, әңгiме ауаны балаға қарай ойысқанда iшiмдегi шерiмдi сол апаға жылап отырып айтып бердiм. Жасы жетпiске жақындаған, бұрын гинеколог болған Айша апа менi тыңдап болып: “Көп әйелдер балалы болу үшiн дәрiгердiң есiгiн тоздырады. Мен ойлаймын, егер жатыры өз орнында болса, кез келген келiншек ана бола алады. Дәрi-дәрмектен ем iздеймiз. Шындығында кейбiр дәрiнiң құрамындағы химикат әйел жатырын күйдiрiп, әлсiретуi мүмкiн. Ал бiздiң қыз-келiншектер дәрiгердiң берген бүкiл дәрiсiн iшiп, ағзасын улап жатқандарын кейде ойламайды да. Сондықтан маман ретiнде айтарым, ең алдымен әрбiр әйел Жаратушыға жалбарынып сұрап, иманға бет бұруға тиiс. Қасиеттi Құранның өзiнде де әйелге жабысқан жын-шайтанның ең алдымен жатырға жабысып, сол жердегi қантамырларды үзiп отыратыны айтылады. Олай болса, неге ең алдымен балалы болудың медициналық емес, басқа жолдарын қарастырмасқа? Мына қасиеттi дұғаны жазып, қырық күн бойы нанның арасына салып жеген дұрыс. Есiңде болсын, бұл аяттарды жазатын адамның бойы таза, дәреттi болуы керек” – деп, шетi кетiлген ескi кiтаптан қасиеттi дұғаны жазып бердi.
Дұғаның мәтiнi: “Бисмиллахир-рахманир-рахим. Рабби һабли мин ләдункә зуррийатан тайабатан иннәкә сәммиуд-ду-ъа. Бирахматикә иә архамар-рахимиин”.
Үйге келген соң, Айша апаның айтқандарын бұлжытпай орындадым. Құдайдың құдiретiнде шек бар ма, үш ай өткенде жүктi екенiмдi бiлiп, қуаныштан басым айналды.
Одан берi де он жылға жуық уақыт өтiптi. Қазiр төрт баланың анасымын. Аллаға мың шүкiр, бала-шағамның алды мектепке барады. Барша қыз-келiншектерге айтарым, ешуақытта Жаратушыдан үмiт үзбей, жүректерiңiзден иманды алыстатпаңыздар. Алла өз пендесiн жылатпақ емес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?