Жамбыл - Айтыс шебері

 Жамбыл - Айтыс шебері

Халық поэзиясы көбіне ауызша айтылады, кейін назарға түсіріліп оқылады. Оның көркемдеу құралдары да басқаша, көбіне байырғы тіл әдісімен баяндалады. Оның талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дәрежесіне көтеріледі. Кеңес заманында халық поэзиясының ірі өкілдерінің бірі – Жамбыл Жабайұлы болды. Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында туған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Бірақ молдалардың қорлығына шыдай алмай Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысында пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
Ес білгеннен өр мінезді, тентектеу болып өскен бала Жамбылдың қызықты қылықтары көп болған. Жамбыл жасынан – ақ домбыра үйреніп, ақын болуды армандайды. Ол осы өнерінің шетжағасын көрсете бастаған кезінен-ақ өзі құрбылас жас ақындардан әлдеқайда озат көрініп, жұрт көзіне түсе бастайды. Әкесінің домбыраны жақтырмайтынын білсе де, ән мен жырдың айрылмас адал серігі болған. Бұған Жамбылдың 13-14-ке келген кезінде әкесінің үстіне домбырамен келіп:
Батаңды маған бер,әке,
Тіліме менің ер,әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті ... дер әке! –

деп, батыл тұрып бата сұрағаны дәлел. Әкесі ризашылығын бермегеніне қарамастан, қайсар бала алған бетінен қайтпай Жетісу бойына атағы шыққан Сүйенбай ақынға барып сөзін сынатып, оның батасын алған. Елдің ежелгі дәстүрі бойынша шәкірт ақын ұстаз тұтқан белгілі ақынға барып, өз өнерін сынатып, одан бата алатын болған.
Сүйінбай жас ақынның талантын көріп: «Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын өлең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халықтың сүйіп тыңдайтын өлеңі болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шыныңды айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл» - депті.
Жамбыл Сүйінбайдан ең алдымен импровизаторлық өнерді – ойлаған жерден сөз тауып, өлеңді жылдам шығарғыштықты, шешендік пен тапқырлықты үйренеді. Кейін Жамбылдың:
Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлеген сыйынбай
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем
Жыр келеді бұрқырап-

Қара дауыл құйындай – деп бастайтыны да сондықтан
екен. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында белгілі ақын болады.
Жамбылдың ақындық қызметінде Айтыс елеулі орын алады. Жамбыл өзінің ақындық өнерін көбінесе осы Айтыстар үстінде көрсете білді. Жамбылдың Айтыстаға бір ерекшелігі - өзінің ақындық өнерін тиісті идеялық бағытта пайдалана білгендігі. Ақын Айтыста қалың көпшіліктің көңіліне қонымды ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік сияқты мәселелерді қозғайды. Айтыс үстінде халық атынан сөйлеп, халыққа арқа сүйеп отыратын Жамбылдың бұрынғы Айтыстарының ішінде, әсіресе оның Құлмамбет ақынмен Айтысы ерекше көзге түседі: жалпы сол кездердегі Айтыстар сияқты, бұл Айтыста да Жамбыл мен Құлмамбеттің әрқайсысы өз руларының атынан сөйлейді. Құлмамбет албан, дулат руларының атынан сөйлеп, сол руларының байлары мен билерін мақтайды. Жамбыл да өз руы атынан айтады, бірақ ол сөзін байлық, мол мүлікке қарай емес, адамгаршілікке, ерлік, әділдікке қарай бұрады. Сөйтіп, Жамбылдың Айтысында ру мүдделерінен гөрі халық мүдделері тереңірек көтеріледі. Бұл Айтыста Құлмамбет Шапырашты - кедей, Сұраншы, Саурық дегендердің ажалынан өлмей, жаудан өлгенін, өзің де кескінсіз екенсің деп сөгеді. Жамбыл оған Шапырашты елінің байлығын, Алматының салтанатын мақтай келіп, Сұраншы мен Саурықтың өлімі ерлік өлім екенін, ерлердің жорық тарихын зор мақтап, байлыққа батырлықты қарсы қояды. Батырлар елді жаудан қорғап өлетін болса, Құлмамбеттің ағасы Мақсұтты ағайындарымен ұрсысып, аяқ-асты даудан өлгендігін бетіне басады. Мені қара күңнің баласы деп кемсітесің, сен өзің қашып келген ақтабан ұрысың, басыңда бір тал қыл жоқ деп кемітіп жырлайды.
Құлмамбетке Жамбыл орынды, өтімді пікірмен шығады.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулыты айт
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр
Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт.
Жамбыл сөзі әрі дәлелді, әрі басым шығады да Айтыста Жамбыл жеңеді.
ХІХ ғасырда белгілі Айтыс дәстүрін, Айтыс мектебін жасаған Орынбай, Шөже, Кеншінбай, Түбек, Жанақ, Ақан сері, Біржан, Сара, Ақсұлу, Әсет, Ырысжан, Сүйінбай, Майкөт, Майлықожа, Құлыншақ тағы басқа көтпеген ақындар болды. Ақындардың ел аузына таралған ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап орыс, Қазақ ғалымдары тұңғыш рет жазып алған қағазға түсіре бастаған әрбір Айтыстарын – аяқталған жеке-жеке шығарма деуге болады. Айтыс дәстүрінен үлгі алған Жамбылдың өз Айтыстарында енді бір жаңа ақынның өнер жолына ұмтылудың беті бар еді.
Жамбыл Айтыстарының ішінде аяқталған шығарма Құлмамбетпенен, Сарыбаспенен, Досмағамбетпенен Айтыстары. Бұл Айтыстарда көрінетін жаңа бет алыс, алдымен, ақынның өмір шындығымен суреттеуге салып отыруы, екіншіден жеке Айтысты желелі шығарма дәрежесіне жеткізуі.
Ал Сарыбаспен, Досмағанбетпен Айтыстары да сюжеттік мотиві кең. Ол сүре Айтыс. Мұнда жеке батырлардың жорығы да, ел тарихының шежіресі де, тарихы аңыз, оқиғалар да, қоғамдық өмірдің шындық бейнесі де, әралуан адамдардың образы да таратылып, айқын жырланған. Себебі Жамбыл Айтыстарын әрі Айтыс ретінде, әрі сюжетті дастан ретінде тану қажет. Үлкен бір жиында тоғыз ақынды бірдей жеңіп, өзіне тең келетін ақын жоқтығын айтып, тасып отырады. Осы елде Жамбыл деген ақын бар дейді, маған соны шақырып келтір деп тілек білдіреді. Сол сияқты Жамбыл да, Сүйімбай, Шөжедей бергі ақындық дәстүрді, өзі сол жолды қуған алып екендігін айтып, Досмағамбетті Айтысқа шақырады. Сол Айтыста Досмағамбет Жамбылға қарап өзін таудан аққан бұлақтай сөзі мол, тұлпар аттай жүйрік ақынмын, байлығым, салтанатым сенің аймағыңды он орап алады, Қолдай, Маман, Желдібайлар байларым бар, маған теңі келер жерің жоқ, елің де, өзің де қу кедей, киер киімің жоқ, келер жерің жоқ, ішер асқа жарымай, өлеңмен қайыр тілеп, күн көріп жүрген қойдың кәпірі азбанындай ақынсың – деп соқтығады.
Сонда Жамбыл: оған қарсы шығады. Өлеңнің асау теңіздей нажағайдай оқ боп атылатын сөзім бар ақынмын, апшыңды қуырып, алды-артыңды орап алайын, елді қорғаған батырың қайда? Еліме шапқан жауға қара түнек орнатып, қару жарағын асынып, Алатауға қарай асынған Қарасайдай ерлерің жоқ, немен мақтанасың? Өзіңе бір тиындық пайдасы жоқ, тайын мінуге бермейтін байды несіне мақтадың. Сенің молдалығың да байға сатулы – деп айқасады. Тарихи елдерді жырлау идеясы Сарыбаспен Айтысуда тереңдей түседі. Бұл Айтыстағы тарихи ерлерді жырлау идеясы Сарыбаспен Айтысында тереңдей түседі.
Көп Айтыстың ішінен сынаулылары ғана Совет жылдарында ақынның өз айтуынан хатқа түскен. Ақын жастау кезінде Айкүміспен, Бөлектің қызымен қысқа қайым Айтысқа түскен. Кейініректегі көлемді де сөз сайыстары: «Жамбыл мен Құлмамбет» (1897 ж.) «Жамбыл мен Сарыбас ақын» (1885 ж.), «Жамбыл мен Досмағамбет» (1907 ж.), «Жамбыл мен Шашубай» (1909 ж.) жұртшылыққа кеңінен мәлім. Сара ақынмен қағысу (1875 ж.), Майкөтпен дидарласу (1891 ж.), Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны (1890 ж.), Жамбыл мен Бөлтірік (1890 ж.) – бұлардың бәрі де төкпе ақындықтың тамаша үлгілері қатарына қосылады. Сонымен Жамбылдың Айтыстарында ерлікті жырлау, мотиві белгілі бір даму жолдарымен келіп, зор батырлық дастан жасауға негіз болады. Басқа ақындар Айтысындай Жамбыл Айтысында лирикалық эпос элементі аз, ақын мен ақын арасындағы жеке сынасу. Полимикада шиеленесі Айтыстың жеңу, жеңілуін анықтамайды, мұндағы Айтыстарда тарихи қоғам өмірінің шындығы, ондаға ерлік күрестің сырлары ашылып жырланады, еңбекші халықтың тәуелсіздік, азаттық жолындағы күресі, батырлардың образы дараланып көрсетіледі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?