Туған жерім – түп қазығым, айбыным
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегімен әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» - деп туған жердің қадір – қасиетін ерекше атап өтеді. Туған жер десе тебіренбейтін пенде жоқ шығар, сірә? Туған жер – әрбір жанның дүниеден бейхабар дәрменсіз періштеден ес біліп, ер жеткенге дейінгі өсіп – өнген, дүниені таныған түп қазығы. Әрбір адамға туған жерінің табиғаты, адамдары, жан – жануары, жоталары, тау – тасына дейін ыстық болып көрінеді. «Туған жердің түтіні де ыстық» деген мақал осыдан қалса болса керек. Барлық пенде туған жері, кіндік қаны тамған жерге деген махаббатын жүрегінің түкпірінде сақтайтыны сөзсіз. Туған жерін әрқашан әні мен жырына арқау етіп сағыныштарын жеткізе білген. Сөзіме дәлел: Қ.Мырза Әлі ататмыз бен Е.Хасанғалиевтің халықымыздың жүрегінен ойып тұрып орын алған «Атамекен» әні. Қырық жылдан астам уақыт өтсе де, өз рухын жоғалтпаған әннің құдіреті барша қазақтың туған өлкесіне, атамекеніне деген махаббаты деп ойлаймын. Бұл әнді тебіренбей шырқайтын қазақ кемде кем шығар.
Елбасымыз мақаласында туған жерге тағзым ету мәселесін өте орынды қозғап отыр. Туған жерімізді көркейтуге, абаттандыруға, қолымыздан келгенінше өз үлесімізді қосқымыз келіп тұрады. Осы орайда туған өлкем Ақтөбеме 150 жыл мерейтойына орай атқарылған игілікті іс – шараларды атап өткім келеді. Құтты мекен Ақтөбенің 150 жылдығына 150 іс-шара тарту етілуде. Түрлі мәдени-рухани кештер, әлеуметтік-экономикалық нысандардың ашылуы, гүлзарлар мен саябақтардың бой көтеруі мерейлі мерекеге орайластырылған. 150 жылдық мерейтой кең көлемде атап өтілуде. Солардың бірі Ақтөбелік өнерпаздардың қатысуымен аудандарда қала күні өтуі, облыс аумағындағы ірі кәсіпорындар Бөкенбай батыр, Есет батыр, Бауыржан Момышұлы, Зинченкоға арналып ескерткіштер салынып, гүлзарлар бой көтеруде. Мақтанышымыз, әлемді мойындатқан әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өткізілді. Мыңдаған пәтер халық игілігіне беріліп, өндіріс, қызмет көрсету орындары, мейрамханалар, жылыжай сияқты ірі нысандар ашылмақ. Ең бастысы қаламыздың тарихынан сыр шертетін деректі фильм түсірілмек. Бұл атқарылған, әлі де атқарылып жатқан игі істердің бірі де бірегейі. Жыл соңына дейін ауқымды жобалар жалғасын табатынына сенемін.
Тарихымызға көз салсақ, осындай ұлан ғайыр кең дала ата-бабаларымыздың асқан ерлігімен, қанымен жеткен. Отан тарихындағы Абылай хан, Қабанбай батыр, қанжығалы Бөгенбай, Райымбек сынды тағы басқа елге қорған болған алып тұлғаларымыздың есімін жас ұрпақ ортасына кеңінен насихаттау керек. Мұндай мағыналы іс білім алған құтты ордам - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде бастау алған. Университетің лектік аудиторияларының жанында ата бабамыздан қалған жеріміздің ұлтарақтай бөлігін де жатқа бермеу үшін көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді қорғай білген батырларымыз, жер дауын, жесір дауын шешіп ел мен елді бітістірген би, шешендеріміз, ел басына қиын қыстау кезеңдер туғанда халқына қорған болған хандарымыздың суреттерін ілінген. Ендігі бір дәлізіне «Ақтөбе ақтаңдақтары» атты атаумен туған өлкеміздің мақтаныштарын тізіп қойған. Осындай ғибратты істер өзге мекемелерде де көрініс тапса екен деген тілегім бар. Өкінішке орай, елге тұлға болған, ұлт азаттығы үшін жанын пида еткен даңқты бабаларымыздың есімі тек белгілі мерейтойларда ғана айтылады. Неге қазақтың әйгілі қолбасшылары туралы көркем кинолар түсірмеске? Бұл тақырыптардың бүгінде біз үшін тәрбиелік мәні зор.
«Отанды сүю - иманнан» демекші, иманына берік, Отанын сүйетінін, елінің ертеңіне бей – жай қарамайтын, туған жерін қадірлейтін ұлт болайық дегім келеді.
Айдана Серікбайқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?