Тойға тілек: әпкенің сіңліге тілегі


Өмірге сыйлағандай көктем гүлін,
Той болып қуаныш күн жеткен бүгін.
Көтерген құтты болсын шаңырағың,
Тілектес шаттығыңа әпкең бүгін.

Сезеді ел баста бақтың бір күлерін,
Бақыттан тұратын тек күлкі керім.
Мінеки, сен де жеттің өз бағыңа,
Қабыл ал туыстардың бұл тілегін.

Осылай шырқар бақтың бәрі де әнін,
Біледі ел отау оты жағыларын.
Ендеше, құтты болсын осы тойың,
Көтерген биік болсын шаңырағың.

Тілекші ел отау оты жанғанына,
Жете бер жармен бірге арманыңа.
Атанып шаңырақта сыйлы келін,
Бақыттың ізі ілессін соңдарыңа.

Қадірлі болып ауыл-аймағыңа,
Жетіңдер бірге арман-ойларыңа.
Бақытты болда дағы жарыңменен,
Ұлассын тойларың тек тойларыңа.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу