Қазақстандағы бала асырап алу: талаптары, тәртібі және қажетті рәсімдер


"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес бала отбасына асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) патронаттық тәрбиелеуге немесе баланы құабылдайтын отбасына берілуі мүмкін.

Ұл баланы асырап алу (қыз баланы асырап алу) - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны.

Патронат - жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны.

Қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

 Қамқоршылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты, сіз мынаны түсінуіңіз қажет, егер сіз отбасыңызға баланы қабылдап, ол үшін туған балаңыздай  жауапкершілікті артуға дайын болсаңыз, оның келешекте мүлікке құқық иеленуіне дайын болсаңыз, онда баланы асырап алуға тоқталуыға болады. 

Баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны.

Қандай балалар асырап алуға жатады

Кодекстің 84 бабына сәйкес олардың жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:

  • қайтыс болған;
  • баладан бас тартқан;
  • ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;
  • асырап алынатын баланың (балалардың) туыстарына, анасымен немесе әкесімен некеде тұрған адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;
  • сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
  • белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.

Тууы тиісті түрде тіркелген кәмелетке толмаған балаларды асырап алуға болады. Сондай-ақ, асырап алуды  толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, тек қана солардың мүддесінде жүзеге асыруға болатынын  есте сақтау қажет. Бұл ретте баланың жасы, жетілу дәрежесі және асырпа алуға келісімі есепке алынады. 

Бұл ретте, егер ата-анасы баладан бас тартса, туыстары оны өз азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады. 

Ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілі балаларды түрлі отбасыларға асырап алуға болмайды. Бұл жағдайда тек балалар өз туыстығы туралы білмесе, бірге тұрмаса және бірге тәрбиеленбесе ғана оларды  асырап алуға жол беріледі.  

Қазақстан Республикасында жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – республикалық деректер банкі) енгізілген.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпарат жазылған.

Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратқа Республикалық деректер банкінде қамтылған, жынысы жөніндегі, жасы, денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-жоғы, сондай-ақ отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері жатқызылады.

Республикалық деректер банкін жасаудың және пайдаланудың мақсаты:

  1. Отбасына орналастыруға жататын баллардың есепке алу (бала асырап алу, қарқорлық, патронаттық тәрбиелеу);
  2. Жетім балалар мен отбасына орналастыру мақсатында осы санат балаларға арналған ұйымдардағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия емес ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  3. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз арналған ұйымдарда мемлекет қамқорлығында осы санат балаларының санын отбасына балаларды орналастыру арқылы қазақстан азаматтарының отбасыларына орналастыру арқылы азайту (бала асырап алу, қамқорлық, патронаттық тәрбие);
  4. Қазақстан Республикасы азаматтарының балалар құқықтарын қорғау, баланы отбасына орналастыру мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыруға көмек көрсету;
  5. Азаматтарды жоғары патриоттылыққа тәрбиелеуге, жоғарғы әлеуметтік жауапкершілік деңгейіне, мораль нормаларына және позитивтік-белсенді моральді қоғамды тәрбиелеуге бағытталған Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары отбасылық құндылықтарын насихаттау.

Кім асырап алушы бола алады немесе баланы асырап алуға ниет білдірген адамдарға қойылатын талаптар 

Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi. Төмендегі адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар асырап алушы бола алады. 

Мыналар:

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдар;

2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптылар;

3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдар;

4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар;

5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушылар;

6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар*;

7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар;

8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдар;

9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар (сотталғандығы жоқ туралы анықтаманы онлайн алу);

10) азаматтығы жоқ адамдар;

11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар;

12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;

13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар баланы асырап ала алмайды.

14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).

Бұл ретте, бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырап ала алмайды, сондықтан олар міндетті түрде бір-бірімен некеге тұру қажет.    

Жас айырмасы туралы ұмытпаңыз.  Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін.

Егер баланы ерлi-зайыптылардың екеуi асырап алмаса, ерлi-зайыптылардың бiреуi баланы асырап алған кезде бала асырап алуға екінші жұбайдың жазбаша келiсiмi талап етiледi. Бұл ретте, егер ерлi-зайыптылар іс жүзінде отбасылық қатынастарды тоқтатқан болса немесе бiр жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса, бала асырап алуға екiншi жұбайдың келiсiмi талап етiлмейдi. 

* Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесеқамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесі:

  • Адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ).
  • Психикалық аурулар, күйзеліске және соматонысандық бұзылуға байланысты невроздықтан басқа АХЖ 10 бойынша кодтары F00-F79АХЖ 10 бойынша кодтары F40-F48.
  • Маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық.
  • Туберкулез (бактерия бөлетін созылмалы, алғаш рет анықталған, бацилла бөлетін (абацилирлеу сәтіне дейін).
  • Әсіресе жыныстық жолмен берілетін аурулар (емделмеген мерез, емделмеген соз, емделмеген урогениталды хламидиоз).
  • Алапес, АХЖ - 10 бойынша кодтары А30.0 - А30.9.
  • Біріктіруші тіндерді ыдыратудың ауыр сырқаттары (жүйелі қызыл жегі, склеродермия, дерматомиозит).
  • Ороговенияның бұзылуымен ауыр дерматоздар (ихтиоздардың ауыр нысандары, ихтиозонысанды эритродермия, артропатиялық псориаз).
  • Ауыр созылмалы буллездік дерматоздар (акантолиттік көпіршік, пемфигоид, терінің ихтиозонысанды зақымдануы, буллездік эпидермолиз).
  • Медициналық қорытындының негізінде тұрақты басқа күтім мен көмекті қажет ететін аурулар.

Баланы асырап алу үшін қажетті құжаттар 

Азаматтар тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына немесе жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың Республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) арқылы келесі құжаттарды қоса бере отырып бала асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш (еркін нысанда) береді:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
  2. жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі (еркін нысанда);
  3. жиынтық табыс мөлшері туралы анықтамалар (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама); 
  4. отбасы жағдайы туралы анықтамалар (некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, балалардың (бар болса) туу туралы куәліктерінің көшірмесі);
  5. Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалар;
  6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамалар;
  7. тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үймен пайдалану құқығын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
  8. жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) патронаттық тәрбиеге қабылдауға тілек білдірген адамдарды оқытуды аяқтағандығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2020 жылғы 1 шілдеден бастап).

Баланы оның туыстарымен, ҚР азаматтарымен асырап алу үшін қажетті құжаттар:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;
  3. жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама;
  4. отбасы жағдайы туралы анықтамалар;
  5. азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық, соның ішінде  психикалық жағдайы туралы анықтамалар, есірткілік және алкогольдік тәуелділігі жоқтығы туралы анықтамалар;
  6. соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
  7. тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
  8. жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) патронаттық тәрбиеге қабылдауға тілек білдірген адамдарды оқытуды аяқтағандығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2020 жылғы 1 шілдеден бастап).

Баланы оның ҚР азаматтары болып табылмайтын туыстарымен асырап алу үшін  қажетті құжаттар:

Баланың заңды өкілдерінің келісімі туралы да ұмытуға болмайды. Баланы асырап алу үшін егер олар ата-ана құқығынан айрылмаса, оның ата-анасының келісімі қажет. 16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар баланы асырап алғанда, сондай-ақ заңды өкілдердің келісімі қажет. Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған жағдайда немесе баланы кәмелетке толмаған ата-ана туғанда медициналық ұйымда қалдырса және оның тағдырына 3 айдан артық уақытта ешкім алаңдамаса, қамқорлық немесе қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын органның келісімі қажет.  

 Мынадай жағдайларда баланы асырап алуға ата-анасының келісімі талап етілмейді:

1) сотпен белгісіз немесе өлген деп жарияланған, із-түзсіз кеткен деп танылғандар;

2) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылғандар;

3) сотпен ата-ана құқығынан айрылғандар;

4) баламен бірге тұрмайды және сотпен негізсіз деп танылған себептер бойынша алты айдан артық тәрбиелеу және асыраудан бас тартқандар.

Асырап алынған баланың тегі, аты, әкесінің аты ЖСН және өзге деректері  

Кодекстің 97 бабына сәйкес, асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы мүмкін. Асырап алушының өтініші бойынша балаға тегі мен атын беруге болады, әкесінің аты асырап алушының аты бойынша немесе асырап алушы әйел болса – ол көрсеткен әке аты бойынша айқындалады .

Егере бала 10 жасқа толса, онда оның деректері (тегі, аты, әкесінің аты) тек баланың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшiн асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жерi өзгертiлуi мүмкiн. Үш жасқа дейiнгi баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған күнiн, айын, жылын өзгертуге жол берiледi. Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы бойынша жол беріледі. Асырап алынған баланың туған күнiнің, айының, жылының және (немесе) туған жерiнiң өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі туралы» мақалаға сәйкес,  асырап алынған баланың  ЖСН, асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн шартты түрде алынып тасталады. Сот шешімі бойынша баланың туған күні өзгертілген кезде балаға жаңа ЖСН беріледі. 

Асырап алушыларға көрсетілетін көмек және материалдық төлемдер 

«Балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» туралы Заңының 4 бабына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

  • бала туғанда берілетін жәрдемақыға (егер бала жаңа туған болса);
  • бала күтіміне төмендегідей жағдайларда:

- бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;

- 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;

- отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы;

- мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі №787 қаулысына сәйкес баланы асырап алушыларға жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем жасалады, оның көлемі 75 АЕК.

Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды орындайтын органға мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. өтініш;
  2. баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
  3. бала асырап алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың көшірмесі.

Жаңа туған баланы асырап алған кезде сіз тиісті төлемдермен Декреттік демалысқа шыға аласыз.

Балаларға жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы анықтамалар ұсынылып, расталады.   

Баланы асырап алудың қадамдық рәсімі  

Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды орындайтын органға немесе Республикалық деректер банкі арқылы www. rbd-kopd.kz веб-порталында деректерді енгізу жолымен өтінішті және қажетті құжаттарды беру.

Республикалық деректер банкінде тіркелу.

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды Республикалық деректер банкінде есепке алу.

Бала асырап алуға болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы оң қорытындысы бар және Республикалық деректер банкінің мәліметтерін жария етпеу туралы міндеттемелерді қабылдаған жағдайда бала асырап алуға үміткерлер асырап алу үшін балалардың  сауалнамаларын көре алады.

Республикалық деректер банкі балалар үйіне баламен танысу және одан кейінгі қарым-қатынас үшін жолдама қалыптастырады.

Қолда бар жолдамаға сәйкес жеке өзі:

- қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және өзге де ұйымның ережесіне сәйкес режим талаптарын сақтай отырып, баланың тұрақты тұрғылықты жерінде онымен кемінде екі апта тікелей қатынасып (баламен, оның әдеттерімен, талғамымен, мінезінің ерекшеліктерімен жеке танысу, серуендеу, ойындар) баламен тікелей байланыс орнату керек;

- бала туралы толық ақпарат алады және оның құжаттарымен танысады;

- баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу фактісін жазбаша нысанда растайды;

- бала тұратын білім беру, медициналық және өзге де ұйым өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жүгінеді;

- бала асырап алудан немесе бала асырап алу рәсімінен бас тартуды жазбаша растайды (растау бланкінің кандай түрде екендігін білу).

Барлық құжаттарды дайындаған соң  асырап алуға үміткерлер құжаттарды қоса тіркеп, сотқа өтініш береді. 

Білім беру басқармасы/бөлімі комиссияның қорытындысы негізінде, асырап алушының  баламен жеке қарым-қатынас жасау фактісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты сотқа береді.   

Сотта сіздің өзіңіздің қатысуыңыз, орган өкілінің және прокурордың қатысуы міндетті.   

Жеке басын куәландыратын құжатты және сот шешімін ұсынып, асырап алынған баланы балалар үйінен, интернаттан немесе өзге ұйымнан  алып кету.  

Баланың құжаттарын АХАТ бөлімшелері немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-та қайта тіркеу немесе ЖСН тағайындау.

Бала 18 жасқа толуына дейін баланы асырап алу туралы шешім шығарған сот орыны бойынша жылына 1 реттен сирек емес есептер ұсыну. Есептер асырап алынған баланың өмірі, білім беру, тәрбиелеу жағдайлар және денсаулық жағдайы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдары тарапынан жүйелі түрде жүргізілетін тексерістерге кедергі жасамау қажет.  

 дереккөз: egov.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?