Қазақстан Республикасы мен Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасы мен Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасы мен Мемлекеттік рәміздері туралы мәтін Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сыяды. Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9-орында, ал ТМД елдері бойынша 2-орында. Қазақстан 5 мемлекетпен көршілес орналасқан, олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қала бар. Қазақстан Республикасы – өте бай мемлекет. Қазақстанда алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни, бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000- нан астам пайдалы қазба бар. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз салт-дәстүрлерін сақтауға толық құқықтары бар. Қазақстан халқының татулығына дүние жүзі таңғалып отыр. Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 1991 жылы Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президентін сайлады. МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін белгі. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірлі. Олар елдің өткенін, бүгінін және болашағын көрсетеді. Рәміздердің түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда белгіленеді және заңмен қорғалады. Ата Заңда: «ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті», – деп жазылған. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бекітілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібек, Шот-Аман Уәлихан. Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық рәмізі. Мемлекеттік Әнұран әр елде бар, ол мемлекеттің музыкалық рәмізі болып табылады. Әнұран – бірлік белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран өлең. Әнұран қоғамдасуға үндейді, бірлескен іс-қимылға шақырады, жігерлендіруге, рухтандыруға бағытталады. Елдің намысын оятып, елдікке, бірлікке, еркіндікке шақыратын үндеу, ортақ қимыл-әрекетке шақыратын дабыл. Қазақ халқының тарихында ол әртүрлі болған, соғыс кезінде, жауға қарсы күресте батырлар атын да ұран ретінде қолданған, ел басқарған аталар мен аналардың атына құрылған ұрандар да болған. Өте көп тараған, барлық қазаққа ортақ ұран «Алаш» сөзі болған. Қазақстан Республикасының қазіргі Әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұранның музыкасын жазған – Шәмші Қалдаяқов.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Дариға
    Оқырман Дариға 23.12.2023 12:37
    0 + 2 -
    Сәлеметсіз бе! 36, 37 деген сандарды алып тастайсыздар ма? Бүкіл мәтіннің мағынасын құртып тұр.