Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

 Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.3.1 вектордың координаталарын табу;
Сабақ мақсаттары: Вектор ұғымын біледі;
Векторлардың координаталарын таба алады;
Координаталық жазықтықта вектордың координаталарын таба алады;
Екі нүктенің ортасының координатасын таба алады;

Амандасу.
Психологиялық ахуал тудыру.
Оқушылармен сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін төменгі тренингті өткіземін.
Өзіңізді мінезіңізге сәйкес қандай аңмен не құспен сәйкестендіресіз?
Мұғалім өзі бастайды:
Менің аты-жөнім …. Мен өзімді дельфинге теңеймін. Себебі мен әрқашан сіздерге көмектесуге әзірмін.
Үй жұмысын тексеру
Ой қозғау мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар берілген уақыт ішінде ойланып, пікірін жеткізеді. Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі және қажет болған жағдайда талқыланады.

v⃗ және w⃗ күш векторларынан қорытынды күш векторын табыңыз.

Жауабы: b - бағыты бойынша
Тақырыпқа шығу және тілдік мақсатты жүзеге асыру
Оқушылар терминдер арқылы тақырыпты анықтайды және академикалық тілді дамытады.

Жаңа материал
«Белсенді лекция» техника және көрнекіліктер (слайдтар) арқылы жаңа материалды меңгерту
Вектор деп бағытталған кесіндіні атаймыз. Яғни (AB) ⃗ вектордың A басы мен B ұшы бар болады:

Егер вектордың басы мен ұшы бір нүктеде орналасса онда бұндай векторды нөлдік вектор деп атайды. Өйткені бұндай вектордың ұзындығы нөлге тең.
Вектордың координаттары деп оның (вектордың) ұшының және басының сәйкесінше координаттарының айырмасын атаймыз.
Яғни (AB) ⃗ векторының басы A(x1, y1) нүктесі ал ұшы B(x2, y2) нүктесі болса онда (AB) ⃗ векторының координаттары (x2-x1, y2 -y1) болады.

Мысалы төмендегі сызбадағы (CD) ⃗ векторының координаттары
(5-1; 4-1)=(4; 3) болады

Геометрияда сәйкесінше координаттары бірдей векторларды бірдей векторлар деп санайды.
Соңдықтан векторларды a, b, c,… деп бір ғана әріппен белгілейміз. a векторының координаттарын (ax, ay) деп белгілейміз. Ал a векторының өзін кейде {ax, ay} деп те белгілейміз........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 544



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?