Жігітіне жүрегін сыйлаған қыз
Жігіт қызды шын жүрегімен сүйіпті. Қыз да ұнатады екен. Бірте - бірте олардың ара - қатынасы жақын тарта бастапты. Жігіт тұңғыш рет қыздың ерінінен сүйгенде дәл осы жігітпен ғұмыр бойы бірге болуым керек деп ойлапты қыз. Және еркелеп:
- Мені қаншалықты сүйесің?
- Қаншалықты сүйгенімді қалайсың?
- Мәңгі! Тек қана мені!, - депті күлімсіреп.
Жігіт қыздың маңдайынан иіскеп мақұлдығын білдіріпті.
Бойжеткен тағы бұртиып:
- Жоқ, сенбеймін.
- Онда ажалым сенен жетсе де еш өкінбеймін.
Бұл ойланбастан айтылған уәде еді. Және тым ауыр.
Олар махаббат байлағалы үш жыл өтіпті. Бұл үш жыл барысында шексіз іңкәрліктің, адал махаббаттың бақытына шомыпты. Және бір - бірін ең алғаш кездескен сәттегідей сүйеді екен. Бірақ, бұл жолы ғашықтардың басына келеңсіздіктер орнай бастайды. Жігіт қыздан бірте - бірте алыстай бастапты. Бұрынғыдай еркелетпейтін, суық мәміле жасайтын болыпты. Бейшара қыздың түсінісуге талпынған кеңестері мен сұрақтары жауапсыз қала беріпті. Ақыры бір күні жігіт үйге әдемі киінген, шырайлы бір қызды ертіп келіпті. Жігіттің қалыңдығы сонда да өзін алдауға тырысыпты. Және бейғам көңілмен жігіттен:
- Бұл сенің досың ба? Әдемі екен, - депті.
- Иә, ең жақын досым...
Қыз ештеңе айтпапты. Тек қана күлімсіреп қойыпты да, шай дайындауға кірісіпті. Сол сәтте оның ас үйден шыққысы да келмепті. Оның көз жасы жанарынан емес, жүрегіне құйылып жатқан еді. Бұл азабын жігітіне сездіргісі келмепті. Өйткені ол жігітінің әлі де өзін жақсы көретініне сенеді екен.
Шәйдан соң жігіт әлгі қызды жетелеп үйден шығыпты да артына бұрылып:
- Бүгін заттарыңды жиыстырып, ертең бұл үйден көшіп кететін бол.
Арудың ақыры шыдамы бітіпті.
- Не үшін?
- Бұған еш себеп жоқ. Махаббат тұрақсыз сезім. Мен сені сүйе алмайтын болдым...
Жігіт солайша бойжеткенді қолтықтап, жолына түсіпті. Байғұс қызға сөйлеуге де орай бермепті. Тұрған орынында мүсіндей қатып қалған қыздың Сәлден соң - ақ көз жанарындағы мұз түйіршіктері ағыл - тегіл ери бастапты...
Осылайша бәрі аяқталыпты.
Арада көп күндер өткен соң ол жігітті жаңа қалыңдығымен бірге емханадан кездестіріп қалыпты. Қыз мұнда күн сайын жанын жегідей жеген уайым - қайғыдан арылу үшін келген еді. Ал жігіт ше?.. Қыз оны әлі алаңдайтын еді. Сүйетін еді. Амандығын тілейтін еді. Сол үшін де білдірмей соңынан ілесіп отырыпты...
- Бүгіннен бастап емханада бақылауда болуыңыз керек. Сізге алмастыруға лайықты жүрек табылғанға дейін. Егер тура келер жүрек табылмаса онда сіздің өміріңізіді сақтап қалу қолымыздан келмейді.
Дәрігер кеңсесінің сыртында тұрып, бұл сөздерді естіген қыз қатты азаптаныпты. Жігіт үшін тағы да жас төгіпті. Үйге қайтып келген соң ол тіпті қайғырыпты. Терезе алдында мелшиіп, аз - кем тұрған соң қолына қалам алып, хат жаза бастапты... Сосын жігітке телефон жалғапты:
- Алло?
Телефон тұтқасын нәзік үнмен оның жаңа қалыңдығы алды.
- Мен онымен соңғы мәрте кездесейін деп ем. Сенен өтінгенім болсын. Тек соңғы рет... Тұңғыш рет кездескен бақта оны күтем...
Мұның бәрін естіген жігіт олар алғаш рет кездескен, алғаш рет махаббат байлаған бақшаға келеді. Қызды ұзақ уақыт бойы сабырсыздана, алаң көңілмен күтеді. Бірақ қыз келмейді... Қас қарая жігіт үмітін үзіп, емханаға қайтыпты.
Бірнеше күннен соң жігітке ота жасалды. Жүрек көшіру отасы қатерлі әрі ауыр еді. Жігіт қуанышы қойнына сыймай:
- Осыдан аман болсам, ең алғаш жұмысым, оған бәрін де түсіндіру
- Өзіңнің де көзің жетті. Ол сені сүйеді. Шексіз сүйеді. Түсіне қабылдайтынына сенемін.
Жүрек көшіру отасы сәтті аяқталыпты. Жігіт есін жиған соң қызға телефон шалды. Қабылдайтын адам жоқ. Бір рет... екі рет... үш рет... Ол тоқтаусыз телефон шалғанымен қоңыраулары жауапсыз қалды.
- Оны қатты ренжіттім. Енді қайтып қайрылмайды маған, - деп қайғырыпты жігіт.
- Олай емес, мүмкін бір жұмысы шығып қалған шығар, телефонын ұмытқан шығар. Үмітіңді үзбе, - дейді қасындағы бойжеткен.
Сол сәтте дәрігер кіріп:
- Саған жүрегін сыйлаған қыз, бейне өз өлімін сезгендей - ақ емханаға өсиет қағазын қалдырыпты, Ғажап! – дейді таңданған бейнемен.
- Маған жүрегін сыйлаған адамды көруіме бола ма?
Олар мәйітханаға келді. Дәрігер басын шайқап:
- Қарашы, бейне ұйықтап қалғандай - ақ. Тіпті қорқынышты да емес, күлімсіреп қана жан үзген.
Жігіт қыз бетіндегі ақ жамылғыны сырып, оның жүзін көргенде қаққан қазықтай мелшиіп тұрып қалды. Қолындағы жамылғы жерге түскен сәтте жынданған кісідей еңіреп жылап жіберді... Оның өкінішпен, қасіретпен жылаған, айқайлаған дауысы бүкіл әлемді жаңғыртып жібергендей. Оның қасындағы қыз жаңа қалыңдығы емес, жігіттің әпкесі еді. Тентек інінің сөзіне еріп, оны сынап көруге келіскен қыз дәл сол сәтте уақытты кері қайтаруға амалсыз еді. Мынау қасіреттен мелшиіп қалған ол, үнсіз ғана мәңгілік ұйқыдағы қыздың жүзіне қарауға дәрменсіз еді. Тек соңғы сәтте ғана қыз қолындағы жұмарлап ұстаған қағазға көзі түсті. Хатта былай деп жазылыпты:
" - Сүйіктім, кешір мені. Мен үшін қайғырма. Бақытты болуға тырыс. Сенің әдемі күлкіңді жұлдыздар арасынан көріп тұратын боламын. Екеуміз алғаш кездескен бақшаға шақырған кезде мен де барғанмын. Ту сыртыңнан сені бақылап тұрдым. Бірақ, саған көрінгім келмеді. Тіпті қас қарайғанға дейін сені күзетумен болдым. Өйткені, келбетіңді, тұлғаңды мәңгі есімде сақтағым келді. Мені сүймесең де өкінбеймін. Тек саған арналған, сен деп соққан жүрегім енді сенің кеудеңде тыныстайтын болады. Сонда ғана сенің кеудеңдегі орынды басқа ешкім иемдене алмайды. Себебі, онда тек мен бармын. Тек мен ғана. Жүрегімді кеудеңе аманаттап қалдырдым. Оны енді жылата көрме. Сүйем сені..."
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?