Функция. Функция графигі. (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 Функция. Функция графигі. (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-сынып алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: Функция. Функция графигі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.1.5 y=kx+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
y=kx+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтайды;

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарының дайындығына назар аудару, сабақтың тақырыбын, ОМ жариялау.
Топтық жұмыс. Оқушыларды топтарға біріктіріп, «Сызықтық функция және оның графигі» тақырыбын қайталауға арналған сұрақтарды ұсыну. Топтағы әрбір оқушы кем дегенде 1 сұраққа жауап беруге міндетті. Оқушылар жауаптарды талқылайды, өзара бағалайды.Мұғалім оқушылардың жауаптарына жалпы комментарий жасайды.

2. Жұптық жұмыс.
Жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға көп көмегін тигізді: білмегендерін жұбымен ақылдасу барысында ортақ жұптық шешімге келеді. Мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісін қолданып, жұмыстарының нәтижесін және оқушылардың қабілеттерін байқап оларды бағалайды. Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға жетістік критерийіне назарын аударту қажет.

3. Өзіндік жұмыс.
Мұғалім оқушыларды ерікті түрде бірнеше топтарға бөлді. (әрбір топта 4-5 оқушыдан). Әрбір қатысушы сұрақтары бар бір бет және жауап жазуға бір бет алады. Әр кіші топтардағы қатысушыларға тесттағы сұрақтарды талқылауларына уақыт беріледі. Оқушылар талқылаудан кейін әр біреуі жеке жауап парақтарын толтырады. Әрбір оқушының ұпайлары жеке есептелінеді.
Жетістік критерийлері
Оқушы
- функцияның графиктері қандай координаталық ширектерде орналасқанын анықтайды;
- функцияның графигі берілген функцияның графигіне параллель екенін дәлелдей алады;
- берілген функциялардың графиктеріне параллель болатындай тура пропорционалдықтың формуласын жазады
Жетістік критерийлері
Оқушы
- функция графиктерінің қиылысу нүктесінің координаталарын табады;
Сабақты қорытындылау..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 452



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?