Зерттеуді жоспарлау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Зерттеуді жоспарлау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Зерттеуді жоспарлау 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.3.1 Зерттеуді жоспар бойынша жүргізу
6.1.3.2 Зерттеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар;
• Зерттеуді жоспарлаудың қадамдарын анықтай алады;
• Зерттеуді жоспар бойынша жүргізеді;
• Зерттеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын сипаттайды.

1. Шеңбер тәсілі
Оқушылар шеңбер құрады. Бір оқушы өткен тақырыпқа байланысты сұрақ қояды,келесі оқушыға лақтырады, ол жауап береді, жалғаса береді. Барлық оқушы айту міндетті емес .
2. Зерттеу кезеңдері
Оқушыларға зерттеу жоспарының реттік кезеңдері бойынша үлестірме беріледі.
Олар оны дұрыс ретімен орналастыруы керек.
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- Зерттеу жұмысының кезеңдерін анықтайды;
- Зерттеу жұмысының кезеңдерін дұрыс ретпен орналастыра алады.

3. Топтық зерттеу жұмысы
Оқушылар топпен зерттеу жұмысына жоспар құрады, нәтижесін постер арқылы көрсетеді.
Зерттеу үшін, оқушыларды 3 топқа бөлу.
(оқушыларға ешбір жұмыс жоспары берілмейді)
Тақырыптар:
1- топ Оқу кабинетінің температурасы
2-топ Бөлме өсімдігінің қоршаған ортаға әсері
3 топ Судың маңызы

Қиындықтарды талқылау
Оқушылардың қандай қиындыққа кез болғанын талқылау қажет.
Оқушылардың мүмкін жауабы:
-зерттеуді жүргізу үшін арнайы нұсқаулықтың болмағаны.
Қалыптастырушы бағалау
- мұғалім бақылауы және комментариі;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- Зерттеуді жоспарсыз және жоспарлы жүргізудің айырмашылығын анықтап, салыстыра алады.

4. Эксперименттік тапсырма
Жаңа тақырыпты түсіндіру эксперименттік тапсырма арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылар сол алғашқы топтарымен жұмысты өткізеді. Оқушыларға жұмыс нәтижесін жазатын парақ және үлгі жоспар ұсынылады.
Лакмус қағазы арқылы әр түрлі сұйықтықтардағы рН анықтау
1-топ – сүт;
2-топ – газдалған сусын
3-топ– су + сірке қышқылы (техникалық-қауіпсіздікті сақтау)
Зерттеу қорытындысын жазады.
Зерттеу нәтижесін кестеге толтыру ұсынылады
№ Сұйықтық атауы Лакмус қағазының түсі рН ортасы

Оқушылар бір-бірін бағалайды. Ауызша кері байланыс береді.
Қалыптастырушы бағалау
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың бірін-бірі бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- зерттеуді жоспар бойынша жүргізеді;
- зерттеуді қауіпсіз жүргізу жолдарын анықтайды.
- Зерттеуді жоспарсыз және жоспарлы жүргізудің айырмашылығын анықтап, салыстыра алады.

5. «Лэго рэп»
Зертханалық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы бейне үзінді.
(видеороликті көрген соң оқушыларға сұрақтар қойылады)
Видеоролик не жайында ?
Оқушылармен көргендерін талқылау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 613



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?