Қазақ тілі және әдебиеті_ 2 сынып _8-бөлім. Саяхат_Саяхатқа шығамын_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Саяхат

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхатқа шығамын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша мәтін құрап айту

2.3.8.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

Сабақ мақсаттары

Мәтіндегі тірек сөздерді түртіп алу арқылы мәтін құрауға, көркем жазуға дағдылану.

Бағалау критерийлері

  • Тірек сөздерді түртіп алады;
  • мәтін құрап айтады;
  • бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап, көлбеу жазады.

Тілдік мақсаттар

Өз ойын толық жеткізеді, сөйлемдегі сөздердің құрылымын сақтайды.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әдебиет

Бастапқы білім

Драма/ сахналық қойылым

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі(Ұ) Шаттық шеңберіБалалар шеңбер құрып тұрады, «Мен қандаймын?» деген сауалға жауап беріп, сын есімдерді айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін шығару.

слайд

Орта

2 мин

10 мин

5 мин

8 мин

5 мин

(Ұ) «Кім жылдам?» ойыны

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сыни ойлауын дамыту.

Оқушыларға қима суреттер таралып беріледі. Олар жасырылған суретті табуы керек.

Суретті құрастыру арқылы саяхатқа шығатын қаланы анықтайды.

Астана қаласы.

(Ұ, Ж) «Стоп кадр» әдісі арқылы бейнежазба көру.

Мақсаты: тірек сөздер бойынша мәтін құрай білуге дағдыландыру.

Ұжыммен «Астана-бақ қала» бейне жазбасын көру. Бейнежазба көрсетуде «стоп кадр» әдісін қолдану.

  • Белгілі бір жерге тоқталып, бұл жерде болған балалар өздерін қалай сезінді, қандай әсер алды, бұл жер туралы не білетінін жұпта талқылайды.Тірек сөздерді жазып алады.

(3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құрауы керек).

(Ұ, Ө) Мәтін құрау.

Мақсаты: мәтін құрастыра отырып, көркем жазу дағдыларын дамыту.

Оқушыларға «Астанамыз қандай қала?» деген сұрақ қойылады. Ұжыммен жауап бере отырып, ұжыммен мәтін құрайды, тақтаға бас әріп пен кіші әріптің көлемін сақтай отырып, көркем жазу.

/Тақтаға шыққан оқушылар көркем жазу дағдысы бойынша ұжыммен ауызша бағаланады/.

(Ө)Дәптермен жұмыс.

Мақсаты: бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу.

Берілген мәтінді дәптерге көшіріп жазады, жұппен дәптерлерін алмаса отырып, дескриптор бойынша бірін-бірі бағалайды.

Әрбір дұрыс жауапқа «+», қате жауап үшін «-» таңбасын қою арқылы өөзара бағаланады.

Дескриптор:

  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтады;
  • бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтады;
  • әріптерді байланыстырып көлбеу жазды;
  • мәтінді таза жазды.

(Ұ, Ө) «Саяхатқа апаратын жолқапшығын толтыру» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Бір оқушыны ортаға шығарып, қолына жолқапшық беріледі де, көзін орамалмен байлайды. Сыныптың басқа оқушылары қолындағы жолқапшыққа түрлі саяхатқа қажетті заттарды салады.

Кейін көзін ашып, бұл заттармен қайда сапарға шығуға болатынын айтады.

https://www.youtube.com/watch?v=qWvY0OkDPNA

Дәптермен жұмыс

Саяхатқа қажетті заттар

Сабақтың соңы

5 мин

«СМС хабарлама» әдісімен кері байланысБүгін мен сабақта ...

Мен үшін .... қиын болды

Келесі сабақта .... болғанын қалаймын.

Стикерлер

«СМС хабарлама»

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу