Ғажайып фабрика 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Ғажайып фабрика 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып фабрика 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
фотосинтез үдерісі жайлы түсінік алады;
өсімдіктің оттек бөлетініне көз жеткізеді.

Ұйымдастыру.
Сынып оқушыларын қима суреттер арқылы топқа бөлу (гүл, шырша, шетен, тұңғиық т.с.с).
Әр топтан өсімдік туралы не білетіндерін сұрау.
Сабақ тақырыбын анықтап, мақсатымен таныстыру.
Сыныппен «Өсімдік» сөзіне ассоциация жасау.

Оқушылардың алғашқы білімін анықтау үшін жұмыс парағын беру.
№1 жұмыс парағы. Бос ұяшықтарға өсімдік мүшелерін жазу, өсімдіктің әр мүшесінің қандай қызмет атқаратынын айту.

№2 жұмыс парағы

Екі гүлді ауызша салыстыру және сызбаны өсімдікке қажетті жағдайлармен толықтырып жазу.
Сұрақтар:
- Суреттен не байқадың?
- Неліктен бірінші гүлдің жапырақтары түсіп жатыр?
- Екінші ыдыстағы гүлдің жайқалып өсу себебі неде?

1) Инфографика. «Суретті сөйлетейік»
Оқулықтағы суретке оқушылардың назарын аудару. Жұптық жұмыс ұйымдастыру.
Жетелеуші сұрақтар:
- Бұл сурет туралы не айтар едіңдер?
- Оттек, көмірқышқыл газ деген сөздер саған таныс па?
- Бұл суреттен қандай қорытынды шығаруға болады?
2) Зертте
а) Бөлме өсімдігін көрсету, 2 жапырақ үзіп алып, екі ыдысқа суға салу. Үстілеріне банкі жауып бір ыдысты қараңғы жерге, екінші ыдысты күн көзі жақсы түсетін жарық жерге қою.
№ әрекет өзгеріс
1 Гүлдің 2 жапырағы үзіп алынды Орнынан су шықты.
Өсімдік бойында су бар
2 Жапырақтар 2 ыдысқа салынды Суға толық батырылды
3 Бірдей ыдыс төңкерілді Ауа жетпеуі мүмкін
3 Қараңғы және жарық жерге қойылды Жарық жетіспеуі мүмкін

Жасаған іс-әрекеттерді кестеге толтыру. Үлгі:

Болжам жасау. 3-4 сағ соң не өзгеріс болатынына болжам жасау.
ә) Уақыт өткен соң жапырақтарды салыстыру.
1-жапырақ 2-жапырақ

б) 1-банкі ішіне сіріңке жағу, сіріңке тез сөнеді, 2-банкіде көпке дейін жанып тұрады.
№ Не болды? Қорытынды
1-банкі
2-банкі

Қорытынды: Өсімдік жарық жерде оттегі бөліп шығарады. Қараңғыда өсімдік оттегіні тыныс алу үшін жұмсайды.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Өсімдік күн энергиясын, ауадан келген көмірқышқыл газы мен судан келген минералдарды пайдаланып, өзін-өзі қоректендіреді. Өсімдік жарық пен жылуды күннен алады. Су тамыр арқылы жапырақ жасушаларына енеді. Көмірқышқыл газы ауадан жапыраққа кішкентай саңылаулар арқылы кіреді. Бұлардың бірігуі арқылы фотосинтез үдерісі жүреді, фотосинтез нәтижесінде жапырақта глюкоза түзіліп, оттегі бөлінеді. Осы үдерістің арқасында өсімдіктер жасыл түсті болады.
- Қай кезде өсімдіктер жасыл түсін жоғалтады?
(Күн энергиясының жетіспеуінен деген жауапты қабілеті жоғары оқушылар айтуы мүмкін)
3) Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы мәтінмен оқушылар жеке танысады.
Жұптық жұмыс. Әр оқушы өз жұбына оқыған мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырады да, жұптар бір-біріне сұрақтарын қойып, жауаптарын тыңдайды. Әр жұп бірін-бірі бағалайды..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 699



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?