Фотосинтез үдерісі 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Фотосинтез үдерісі 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтез үдерісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттек бөлуін түсіндіру;
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттек бөлу процесін түсіндіреді.

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы өткен тақырыпты қайталау. Суретпен жұмыс.Сұрақтар:
1. Фотосинтез деген не?
2. Адам, өсімдік, жануарлар тыныс алу үшін қандай газ қажет?
3. Оны не бөліп шығарады?
4. Өсімдікке көмірқышқыл газы не үшін керек?
5. Өсімдік өз қорегін қалай өндіреді?
6. Күн сәулесі жапыраққа түскенде не болады?
Мұғалім-оқушы диалогі.
Ғалымның бақылауы.Берілген сюжетті суреттерді зерделеу.
- Ғалым нені бақылады деп ойлайсың?
- Екі жылда өсімдік қалай өзгерді?
- Өсімдіктің өсуіне не көмектесті?
- Өсімдіктердің өсуіне Күн сәулесі қалай әсер етеді?
- Өсімдік отырғызылған ыдыстың массасы неліктен өзгергенін түсіндіріп көр.
Қорытынды жасайды. Өсімдіктер Күн энергиясы, су, көмірқышқыл газ сіңіру арқылы өзінің массасын ұлғайтады (өседі).
Мұғалім-оқушы диалогі
Ғалым өсімдіктің өзгеруін байқаған кезде қандай зерттеу әдісін пайдаланды? (Бақылау).
Ғалым өзінің сұрақтарына жауап беру үшін не жасады? (Эксперимент).
Эксперимент жасаудың қандай пайдасы бар? (Туындаған сұрақтарға жауап табуға, болжамды тексеруге мүмкіндік береді).
Топтық жұмыс. Оқушыларды жыл мезгілдеріне байланысты «Мозайка» стратегиясы арқылы топтарға біріктіру. Әр топқа Күн энергиясының айналымы туралы әңгімелеу ұсынылады. Топта жұмыс
Мұғалімнің әңгімелеуі.Жер қойнауындағы көмір мен мұнай өсімдік қал¬дықтарынан түзілгенін білесіңдер ме? Олар өте ерте за¬манда жылы және ылғалды климатта жайылып өскен өсімдіктердің өліп, суқоймалардың түбіне батып, шірімей және өртенбей сақталған жыныстарынан пайда болған. Ал өсімдік Күн жарығы болғандықтан өседі. Өсімдікті сондай-ақ, жануарлар мен адамдар қорек етеді. Осылай Күн энергиясы айналады. Өсімдікте пигмент деп аталатын бояғыш зат бола¬ды. Оны хлорофилл деп атайды. Ол өсімдікке жасыл түс береді. Хлорофилсіз фо¬тосинтез үдерісі жүрмейді.
Табиғаттағы барлық тірі ағза сияқты өсімдік те оттекпен тыныс алып, көмірқышқыл газды шығара-ды. Ал фотосинтез үдерісі кезінде өсімдік көмірқышқыл газды сіңіріп, оттекті бөліп шығарады.
Сергіту сәті.
Ойлан.Күн сәулесі бейнеленген парақты әр топқа таратып, көгөніс, дәнді дақылдар мен жемістерге Күннің әсері туралы шағын газет шығару ұсынылады. Талқылауға арналған сұрақтар:
- Күн сәулесі өсімдіктерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Күн сәулесі жеткіліксіз жағдайда жемістер, дәнді дақылдар қалай өседі?
Зерттеу.«Қай өсімдік жыл бойы оттек шығарады?». Топтарға түрлі өсімдіктердің суреттерін тарату (қайың, шырша, тал, терек, үйеңкі, қарағай, пальма). Ақпарат көздерін: энциклопедия, балалар журналдарын дайындау.
Жүргізуге нұсқаулық:
-өсімдіктердің суретін зерделе
-өсімдіктерді жыл бойы оттек бөлетін және жылы мезгілде оттек бөлетін өсімдіктерге бөл
-нәтижелерді тірке, қорытынды жаса
-өз өлкеңде жыл бойы оттек бөлетін өсімдіктер өсе ме?
Жасыл өсімдіктердің ішінде қылқан жапырақты өсімдіктер (шырша, қарағай, самырсын, балқарағай, арша) қатты аяздарға басталғанша оттек бөледі.
Астананың жасыл белдеуі. Оқушыларға «жа¬сыл белдеу» туралы бейнежазба көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бері Астана қаласының төңірегіне ағаш отырғызыла бастады. Бұл көшеттерді «Астананың жасыл белдеуі» деп атайды.
Елорда төңірегіндегі ағаштардың қалай егілгені туралы бейнежазбаны оқушыларға көрсетіп, олар¬ды не үшін отырғызатыны туралы сұхбаттасу ұсынылады.
Өз туған өлкесіндегі отырғызылған жасыл желектерге мысал келтіру. Оның маңызын атау.
Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.
5-жұмыс парағы. «Фотосинтез үдерісі», 7-б.
Өзіңді тексер. Оқушылардың жауабы тақырып¬ты түсіну деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Бала¬лар өз бетінше екі сұрақ дайындауы тиіс. Олардың жазған сұрағын бағалауда тақырыпқа сәйкестігін, дұрыстығын, күрделілік дәрежесін тексеру. (Жауаптары: 1 – ә; 2 – б; 3 – б; 4 – б; 5 – a.)
6-жұмыс парағы. «Күн энергиясы», 8-б.
Ребустар. Тапсырма фотосинтез үдерісі кезін¬де өсімдіктерден оттек бөлінетіні туралы түсінікті бекітуді көздейді. Оқушылар ребусты шешіп, жауа-бын жаза алады. (Жауаптары: оттек, жарық)..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 323



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!