Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек 2-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек 2-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.4 Өсімдіктерді қорғау
Сабақтың мақсаттары: 1.2.4.1 Өсімдіктерге зиян келтіруге болмайтындығын түсіну
1.2.4.2 Өсімдіктердің қорғалатынын түсіну.
(Ұ,МК,Ө) Оқушылардан адамның табиғаттағы орны қандай екендігін сұраумен бастау. Егер оқушыларға сұраққа жауап беру қиын болса, адам да өсімдіктер мен жануарлар сияқты табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін естеріне түсіру. Табиғатта барлығы өзара байланысты. Адам табиғатпен үйлестікте өмір сүруі қажет. В.Бианканың «Үкі» ертегісін оқып беру.
Қария кешкісін шай ішіп отыр еді. Шайы дәмді, сүт қосылған. Қасынан үкі ұшып бара жатып:
- Сәлем, достым, - дейді.
Ал қария оған:
- Сен, үкі – басың жалпақ, құлағың үшкір, мұрның ілмек сияқты. Сен күннің көзінен, адамнан тығылып жүресің, - қалай мен саған дос болам?
Үкі ащуланып:
- Жақсы. Олай болса сенің бақшаңа түнде ұшып келіп, тышқандарды ауламаймын, өзің аула, -деп, ұшып кетеді.
Оқып бергеннен соң не түсінгендерін сұрау. Қандай ой түйгендеріне сұрап, қорытынды жасауға жетелеу.
(Ұ) Сергіту сәті
(Ұ, ЖЖ) Сурет бойынша жұмыс.
Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай екендігін айтуды сұрау. Тілдесу барысында олар суреттен қандай жануарларды көріп тұрғандарын, олардың түрін, не істеп жатқандары туралы айту керек екенін ескерту. Оқушылардың диалогтарын тыңдап жүріп бақылау. 2-3 жұпты диалогын дауыстап айтуды сұрау.
Бірлесіп «маңызы» деген сөздің мағынасын ашу. Барлық оқушылар аталған термінді түсінгеніне көз жеткізу. Түсінуге қиналатын оқушыларға синоним сөздерді пайдаланып түсіндіру.
Оқушылардың тілдерін дамыту мақсатында сурет бойынша сөйлем құрауды ұсыну. Кейбір жануарлар үшін өсімдіктер тұратын жерде қорек те болатынына назар аударту.
(Ұ) Оқушылардан табиғат аясында болған кездерін, демалған кездерін еске алуды сұрау. Содан соң сурет бойынша жұмыс жүргізу. Оларға сұрақтар қою:
- Балалардың әрекеттері дұрыс па?
- Олардың қателіктері неде?
- Мұндай әрекеттер неге әкелуі мүмкін?
- Өсімдіктер мен жануарларға қандай қауіп төніп тұр?
Осы орманда өсіп тұрған өсімдіктерді кім отырғызғанын сұрап, дала өсімдіктерін ешкім отырғызбайтынын еске түсіріп, сондықтан оларды жұлуға болмайтынын түсіндіру. Егер оны жұлса, өсімдік тұқым бере алмайтынын, яғни келешекте осы гүлдердің түрі азаюы мүмкін екенін айту. Бұтақтарды да сындыруға болмайтынын түсіндіру. Жаңа жыл мерекесін еске түсіруді сұрап, осы орайда орманнан кесіп әкелінген шыршаны емес, жасанды шыршаны пайдаланған дұрыс екендігін айту.
Ормандағы оттың қаупін ерекше атап көрсетіп, өрттіңбейнежазбасы ретінде 39 сек. «Ормандағы өрт» мултфильмін мысал ретінде көрсету.
(Ұ, Ө) Дүниежүзіндегі адамдар өсімдіктерді қорғау керектігі туралы көп айтады. Себебі өсімдіктер жоғалып кетсе, табиғаттың үйлесімділігі бұзылып, барлық тірі ағзалар құрып кетуі мүмкін. Табиғат қорғаушылары өсімдіктерді қоғаудың көп жолдарын ойлап тапты. Оқушылардан қандай да бір әрекеттерге тыйым салынатын немесе рұқсат берілетін белгілерді қайдан көргендерін сұрау. Суреттерге мұқият қарап, қандай әрекеттерге тыйым салынғанын сұрау.
(Т) Оқушылардан «Ал, сендер қандай қорғау жолдарын ұсынар едіңдер?» - деп сұрап, топта жұмыс жасауды ұсыну.Әр топқа ағашты кесуге, гүлдерді жұлуға және орманда от жағуға тыйым салатын белгілерді ойлап тауып, суреттерін салуға тапсырма беру..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?