Басты топшалар мен периодтардағы элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Басты топшалар мен периодтардағы элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақ тақырыбы: Басты топшалар мен периодтардағы элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.3 химиялық элементтер атомдарының қасиеттерінің өзгеруі заңдылықтарын сипаттау: радиус, иондану энергиясы, электронға ынтықтық, электртерістілік және тотығу дәрежесі.
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
- Элемент атомдарының радиусы, электртерістілігі, электронға ынтықтық энергиясы және тотығу дәрежесінің периодтар мен топтардағы өзгеру заңдылықтарын атайды және түсіндіреді
Оқушылардың көбісі:
- Элементтердің осы қасиеттерінің периодтарда және топтарда өзгеру периодтылығын түсіндіре алады
Оқушылардың кейбірі:
- Зерттелмеген элементтедің физикалық қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығын болжайды және себебін түсіндіреді

Оқушылармен сәлемдесу.
Мұғалім алдыңғы сабақ бойынша оқушылардың тақырыпты игеруін тексеруді ұйымдастырады. Жұппен жұмыс ұйымдастырады, оқушылар бір-бірін бағалайды.
Тапсырма 1.
1. Периодтық кестеде топ бойынша жоғарыдан төмен қарай энергетикалық деңгейлер саны қалай өзгереді және оның себебі неде? (1-топ элементтері мысалында түсіндіру)
2. Периодтық кестеде период бойынша солдан оңға қарай энергетикалық деңгейлер саны қалай өзгереді және оның себебі неде? (3-период элементтері мысалында түсіндіру)
3. Периодтық кестеде период бойынша солдан оңға қарай валентті электрондар саны қалай өзгереді және оның себебі неде? (3-период элементтері мысалында түсіндіру)
4. Периодтық кестеде топ бойынша жоғарыдан төмен қарай валентті электрондар саны қалай өзгереді және оның себебі неде? (1-топ элементтері мысалында түсіндіру)
Оқушылар критерийлерге сәйкес бір-бірінің жұмысын бағалайды, мұғалімнен кері байланыс алады.
Қосымша 1

Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
- Не себепті натрий мен калийдің химиялық қасиеттері ұқсас, ал неон мен натрийдің химиялық қасиеттері олар периодтық кестеде жақын тұрғанына қарамастан әр түрлі.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылап, оқушыларға элементтердің химиялық қасиеттері оның сыртқы деңгейінің құрылысына тәуелді екенін түсіндіру, және сыртқы деңгей құрылысы периодтық кестеде периодты түрде қайталанып отырғандықтан олардың қасиеттері де периодты түрде өзгеріп отырады.
Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, тапсырма орындауды ұйымдастырады.

Тапсырма 2.
Периодты кестені қолдана отырып, элементтердің периодтар мен топтарда келесі қасиеттерінің өзгеруін қарастырыңдар. Заңдылықта табыңдар.
1-топ. Периодтар мен топтарда элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеруін зерттеңдер. Оның өзгеру себептерін түсіндіріңдер.
2-топ. Топтар мен периодтарда атом радиустарының өзгеруін зерттеңдер. Себебін түсіндіріңдер.
3-топ. Топтар пен периодтарда тотығу дәрежелерінің өзгеруін талдаңдар (оксидтер мысалында). Өзгерістерді түсіндіріңдер.

Топтар жұмыстарының нәтижесін тыңдау. Дәптерге қорытындылап жазу.

1. Периодтарда атомдық элементтік реттік номерінің өсуімен металдық қасиеттері әлсірейді, ал бейметалдық қасиеттер күшейеді, оксидтердегі элементтердің тотығу дәрежесі өседі, радиус кемиді.
2. Бұл әр период үшін тән, себебі сыртқы электронды қабаттың құрылысы периодты түрде қайталанып отырады.

Мұғалім презентацияны пайдалана отырып, атомдардың қасиеттері туралы ақпараттаы зерттеуді ұйыидастырады. иондану энергиясы, электртерістілік және электронға ынтықтық энергиясы

Мұғалім оқушыларға (топ ішінде) осы қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын анықтап, периодтар мен топтарда олардың олардың өзгеруін түсіндіруді ұсынады.

Тапсырма 3.
http://www.ptable.com/#Property/Density/STP
сілтемесі бойынша орналасқан динамикалық периодты кестенің мәліметтерін пайдалана отырып элементтердің периодтар мен топтардағы(3 период пен 1-топ элементтері мысалында) келесі қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын анықтаңдар:
А) иондану энергиясының атомдық санға тәуелділігі
В) электртерістіліктің атомдық санға тәуелділігі
С) электронға ынтықтық энергиясының атомдық санға тәуелділігі
D)балқу/қайнау температурасының атомдық номерге тәуелділігі

(Ақпаратты график түрінде көрсетуге болады ).

Оқушылар осы қасиеттердің периодтар мен топтарда өзгеру сипаты туралы жалпы түсінікті қалыптастыру үшін онлайн-динамикалық Д.И. Менделеевтің кестесімен жұмыс істейді.

(Егер онлайн кестемен жұмыс жүргізу мүмкін болмаса кестелік мәліметтер түрінде берілген таратпа материалды қолдануға болады)

Оқушылар өз жұмыстарын презентацияда/активті тақта график түрінде көрсетеді.
Мұғалім оқушылардың жұмысына кері байланыс береді, керек болған жағдайда мұғалім оқушыларды тапсырманы дұрыс орындауға бағыттайды.

Оқушылар жүргізілген анализ негізінде қасиеттердің өзгеру заңдылықтары туралы қорытынды жасайды.
- атом радиусы – период бойынша азаяды, топ бойынша өседі;
- бірінші иондану энергиясы – период бойынша өседі, топ бойынша кемиді;
- электртерістілік – период бойынша артады, топ бойынша кемиді;.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 675



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады