Заманауи инструментальды әдістер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Заманауи инструментальды әдістер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық талдау
Сабақ тақырыбы: Заманауи инструментальды әдістер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.15 заттарды анықтау процесін жылдамдату үшін заманауи инструментальды әдістерді қолдану аймағын атау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар заманауи инструменталды әдістердің сипаттамасын, мақсаттарын, әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері түсінеді,

Оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбын мақсатын түсіндіру
(W) жалынның түстері мен аниондардың түстерін қайталау

(W) Оқушыларды заманауи талдаудың инструменталды әдістерімен таныстыру. Оларды дәстүрлі талдау әдістерімен салыстыру.
Анализдің химиялық әдістері қазіргі таңның талабына сай емес. Технологиялық және биологиялық процесстерді басқару үшін анализдің жылдам әдістерін қажет етеді. Анализдің физика-химиялық әдістері (немесе инструментальдік) үлкен сезімталдығы мен жылдам орындалуымен ерекшелінеді. Олар заттардың физика химиялық қасиеттерін қолдануына негізделген.

Физика химиялық әдістермен анализдеуді орындау кезінде стехиометриялылық нүктені (эквиваленттік нүкте) визуальдік түрде емес, эквиваленттік нүктеде зерттелетін заттың физикалық қасиетінің өзгеруін тіркейтін прибор көмегімен анықтайды. Осы мақсат үшін күрделі оптикалық немесе электрлік схемалы приборлар қолданылады, сондықтан оларды инструментальдік анализдеудің әдістері деп атайды.

Анализдің инструментальді әдістері аналитикалық химияда маңызды орын алады, қоршаған ортаның ластануын бақылау кезінде маңызды роль атқарады. Қазіргі таңдағы аналитикалық химия физика, кванттық механика жетістіктерін кеңінен қолданады.

Негізгі физика химиялық әдістерінің ішінен анализдің электрохимиялық, оптикалық және хроматографиялық әдістері кеңінен қолданылады.
Масс-спектрометрия
Масс-спектрометрия — атомдардың, молекулалардың және молекулалық бөлшектердің массасын, сондай-ақ олардың таралымын магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің ауытқуын бақылау арқылы тікелей өлшеуге арналған аналитикалық әдіс.

Оқушылар заманауи инструменталды әдістер:
1) хроматография
2) масс-спектрометрия
3) инфрақызыл спектроскопия
4) ядролық магниттік резонанс спектроскопия
бойынша 4 топқа бөлініп, әдістің сипаттамасын, мақсаты, әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері және қолдануы туралы ноутбук пайдаланып, презентация жасайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 894



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?