Сабақ жоспары (ұмж): № 6 Практикалық жұмыс: «Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары» (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): № 6 Практикалық жұмыс: «Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары» (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы
Сабақтың тақырыбы: № 6 Практикалық жұмыс: «Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.4.10 реакция теңдеулерін иондық түрде құрастыру
Сабақ мақсаттары: Реакция теңдеулерін иондық түрде құрастыру.

Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу, позитивті атмосфераны қалыптастыру. Тренинг өткізіледі. Ол үшін оқушыларға иондардың аттары жазылған қағаз қималары беріліп, әуен қосылады. Иондар биі тренингі арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді. Иондар: К+, CO32–, Al3+, OH– , Cl– , H+, PO43–, H+ , Mg2+, SO42–, NH4+, OH– .
І топ негіздер, ІІ топ қышқылдар, ІІІ топ тұздар болады.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы бойынша не білгілеріңіз келеді соны сұрақ түрінде қоюлары сұралады. Ол үшін оқушыларға кілт сөздері жазылған қағаз қималары беріледі. Кілт сөздері ретінде өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыратын сөздер беріледі. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтарын құрастыруда бір-бірнің сұрақтарын қайталамаулары сұралады.
Оқушылардың сұрақтары тақтаға ілгенен кейін сұрақтар сыныппен талқыланады. Талқылау барысында бүгінгі сабағымыздың тақырбы ашылады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықталады.

Презентация бойынша жаңа сабақ түсіндіріледі.

Топтық жұмыс: Әрбір топ өзіне берілген тәжірибені ноутбук арқылы вертуалды лаборатория сілтемесіне қарай отырып нұсқаулық ретінде пайдаланып тәжірибе жасайды.


І топ: тұнбаның түзілуі
ІІ топ: газдың түзілуі
ІІІ топ: судың түзілуі

Бағалау. Топтар бір-бірін презентацияда берілген критерий бойынша бағалайды.

Рефлексия. «Кемірқосақ»
1.Енді мен ... жасай алам
2. Мен ... үйрендім
3. ... қиын болды
4. менде ... жақсы шықты
5. ... қызықты болды
6. ... мені таңқалдырды
7. бүгін мен ... білдім......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle