Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың тұз ерітінділерімен реакциясы (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың тұз ерітінділерімен реакциясы (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Металдар белсенділігін салыстыру
Сабақ тақырыбы: Металдардың тұз ерітінділерімен реакциясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен орынбасу
реакцияларын жоспарлау және зерттеу
Сабақ мақсаттары: • металдар мен тұз ерітінділерін арасындағы реакция жүру мүмкіндігін болжау үшін металдардың белсенділік қатарын қолдана алады;
• белсенді металдардың тұз ерітінділерінен белсенділігі төмен металдарды ығыстыратындығын біледі;
• ақпаратты тиімді құра алады және өңдей алады;
• білім деңгейін бағалай алады;

Ұйымдастыру бөлімі.

Жұптық жұмыс
Тапсырма атауы: металдардың белсенділік қатарын құру
Мақсаты: металдар мен тұз ерітінділерін арасындағы реакция жүру мүмкіндігін болжау үшін металдардың белсенділік қатарын қолдана алады;
Сипаты: оқушыларға металл символдары жазылған карточкалар үлестіріледі. Оқушылар сынып кабинетінің кең орнына шығып, металдардың белсенділік қатарын құрады.
Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушылардың жетістіктерін бақылау жүргізеді;
Оқушының іс-әрекеті: тапсырманы орындау;
Бағалау критерийлері:
• металдардың белсенділік қатарын біледі;
Бағалау:
• өзін-өзі бағалау
Топтық жұмыс
Тапсырма атауы: зерттеу жұмысы
Мақсаты: белсенді металдардың тұз ерітінділерінен белсенділігі төмен металдарды ығыстыратындығын біледі;
Сипаты: оқушылар сыныпта шығармашылық топтарға бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын орындайды, тәжірибені жүргізуге қажетті реактивтерді алады.
Әр топ өз бетімен зерттеу жүргізеді.
1 топ жұмысы.
Зерттеу мақсаты: сілтілік металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесу реакцияларына зерттеу жүргізу;
2 топ жұмысы.
Зерттеу мақсаты: сілтілік жер металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесу реакцияларына зерттеу жүргізу;
3 топ жұмысы:
Зерттеу мақсаты: алюминий металының тұз ерітінділерімен әрекеттесу реакцияларына зерттеу жүргізу;
4 топ жұмысы:
Зерттеу мақсаты: қосымша топ металдарының тұз ерітінділерімен әрекеттесу реакцияларына зерттеу жүргізу;
Мұғалімнің іс-әрекеті: нұсқау беру, бақылау;
Оқушының іс-әрекеті: оқушылар нұсқаумен танысқан соң, тапсырманы орындау реттілігін жүргізеді. Тәжірибені жүргізу барысындағы туындаған мәселерді шешуге тырысады. Жұмыс парағын толтырады.
Бағалау критерийлері:
• логикалық ойлау қабілетін дамыта алады;
• ғылыми терминдерді қолдана алады;
• проблемалық сұрақтарды шеше алады;
Бағалау:
• бірін-бірі бағалау;

Жұптық жұмыс
Тапсырма атауы: интеллектуалдық карта толтыру
Мақсаты: ақпаратты тиімді құра алады және өңдей алады;
Сипаты: өздерінің сарамандық жұмысты орындау барысындағы практикалық дағдысы мен білімін қолдана отырып, шығармашылық және интеллектуалдық карта құрады
Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушыларға бағыт береді;
Оқушының іс-әрекеті: тапсырманы орындайды;
Бағалау критерийлері:
• өткізілген тәжірибелерді түсінеді және еске сақтай алады;
• химиялық реакция теңдеулерін жаза алады;
Бағалау:
• бірін-бірі бағалау......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

0 0


Комментарии для сайта Cackle