Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

 Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы
Сабақ тақырыбы: Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 8.1.3.6 «нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формулаларын құру;
Сабақ мақсаттары: • атомдардың сыртқы қабатын толтыру кезінде ионға айналатынын түсінеді.
• иондардың зарядтары негізінде қосылыстар формуласын жаза алады.

Оқушыларды түгелдеп, сабақты жоспарлап алу.
Сабақтың тақырыбын анықтап, сабаққа қойылатын мақсаттарды атап өту.
Миға шабуыл «Ақ тақта»
Оқушыларға презентациядан атом/ионның таңбасын көрсетіңіз, олар ақ тақтаға атом/ионның электрондық конфигурациясын жазады.
Жұптық жұмыс
Оқушылар жұпта натрий және хлор иондарының түзілу схемасын жазады және «натрий атомы жоғалтқан электрон қайда кетті?» немесе «хлор атомы электронды қайдан қосып алады?» деген сұраққа жауап іздейді.

Мұғалім түсіндірмесі
Элемент атомдарының ион түзуі нәтижесінде қосылыстарға айналуын түсіндіру және қосылыстағы иондар зарядтарының қосындысы нольге тең болады.

Топтық жұмыс
Оқушылар топта «Зарядтың нольдік қосындысы» және иондардың зарядтары жайлы білімдеріне сүйеніп, заттардың формулаларын құру жазбасының алгоритмін құрастырады.

Заттардың формуласын құрастыру алгоритмі

Бинарлы заттардың формулаларын құрастыру:

1.Затты құрайтын элементтердің таңбаларын бір қатарға жазамыз:
мысалы, Na O

2.Химиялық элементтердің жоғары жағына ион зарядын қоямыз :
+1 -2
Na O
3. Ион зарядының кіші ортақ еселігін табамыз: 2

4. Ең кіші ортақ еселігін элементтердің ион зарядтарына бөліп, индекстерін табамыз:

+1 -2
Na O 2: 1 =2 (Na) формула – Na2O.
2: 2 =1 (О)
«Нөлдік қосынды» әдісімен формуланы жазу
+ 1∙1 + (-1) ∙1 = 0

Тексеру
Келесі заттардың химиялық формулаларын
құрастырып, нөлдік сома әдісімен тексеру өткізіңіздер
CxOy
SixO

Жеке жұмыс
Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындап, бірін бірі тексереді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 517



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!