Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакциялар (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

 Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакциялар (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формуласы және химиялық реакция теңдеулері
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакциялар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.2 - табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакцияларды сипаттайды
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
- табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакцияларды сипаттай білу
-Химиялық реакциялардың белгілерін білу
Көптеген оқушылар білу керек:
-Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып эксперименттер жүргізу
Кейбір оқушылар білу керек:
- оның айналасындағы химиялық процесстерді зерттеу.

• Бұл сабақта біз айналамыздағы химиялық реакцияларды қарастыруға көшеміз.
Сендер қандай химиялық реакциялар белгілерін білесіңдер? Алдымен осыны алдымен анықтап аламыз.
Енді сіендерге гүл жапырақтарын беремін, оларға химиялық реакциялардың белгілерін жазасыңдар, ал ортасында «Реакция» сөзі болады. Сосын гүлді тақтаға жинайық. Енді сендер өздеріңнің эксперименттеріңді жүргізгенде біздің гүлімізге сүйеніп, сендер байқаған химиялық реакциялар белгілерін анықтаңыз.
Оқушылар химиялық реакциялардың барлық белгілерін: жылу, жарық, түс өзгеруі, тұнбанын түзілуі, газ бөлінуі, иістің бөлінуі, дәмі және т.б. туралы міндетті түрде айтады.
Сендерге үй тапсырмасы ретінде күнделікті өмірде кездесетін химиялық реакциялардың мысалдарын дайындау және сынып алдында олардың адам үшін маңызын айтып беру, көрсету берілген болатын.
Бүгін біз көптеген жаңа нәрселерді үйренеміз деп үміттенемін және осы сабақтан кейін сендер айналадағы әлемге басқаша қарайтын боласыз.
Бірақ дайындалған эксперименттерді көрсетпес бұрын, қауіпсіздік ережелерін қайталаймыз. Қауіпсіздік техникасы туралы сұрақтар қойылады.
– затты дұрыс қалай иіскеу керек?
–реакция жүріп жатқан сынауықтын аузын қалай қаратып ұстау керек?
–заттардың дәмін татуға болады ма?
– сіріңкені қалай дұрыс тұтандыру керек ? және т.б.

Көрсетілім тәжірибе. 1-топ.
Сияны сөндіру
Крахмалды суда қоймалжың болғанша ерітеміз және оған йод құямыз.
Крахмал көгереді. Егер йодты көбірек құйса, онда ерітінді қара түсті болады. "Сия" дайын. Қағазға кез-келген сөз жазыңдар және оны құрғатыңдар. Содан кейін қағазды саусақпен басыңдар немесе құрғақ шүберекпен сүртіңдер - жазылған жазу жоғалады.
Бір-біріңе шапалақ ұрып, эксперименттерді көрсеткені үшін рақмет айтуды ұмытпаныз.

Көрсетілім тәжірибе. 2-топ.
«Отсыз түтін».
Тәжірибенің сипаттамасы. Құрғақ әрі таза аузы кең, 200 мл Құтыға 5 – 10 мл көлемінде тұз қышқылын құяды. Құтыны айналдыра шайқап отырып, ыдыстың ернеулерін қышқылмен шаяды да, қалған қышқылды төгіп, тығынмен мықтап жабады. Дәл сондай екінші құтыға осы әдіспен аммиак ерітіндісін (25%) құйып алады. Тәжірибе кезінде құтыларды ашып, ернеулерін бір-біріне тигізеді де осы күйінде 180 градусқа бұрады. Құтылардың іші қою түтінге толып кетеді.
Көрсетілім тәжірибе. 3-топ.
Шағын жанартаудың атқылауы.
Тәжірибені көрсетер алдында асбест торға 2 шай қасық аммоний бихроматын саламыз. Тәжірибені көрсетер алдында спиртовка жалынына шыны таяқшаны қыздырып, оны ең ортасына қоямыз. Реакция басталғаннан кейін таяқшаны аламыз. Сыртынан шағын жанартаудың жануын еске түсіретін жасыл ұнтақтың жануы болады. Егер бихроматқа металл магнийдің кішкене ұнтағын салса, реакцияның әсерін күшейтуге болады. Бұл жерде «лавадан» басқа «қызған тастар» ұшатын болады. Аммоний бихроматын аз қыздырғанда өз бетінше хромның жасыл тотығына Cr2O3, газ тәрізді азот пен суға бөлінеді. Экзотермиялық реакциясы.
(NH4)2Cr2O7 = Cr2O3 + 4H2O + N2; 2Mg + O2= 2MgO
Оқушылар тәжірибелерді жасар алдында дәптерлеріне жұмыс істейтін заттардың қасиеттері туралы теориялық деректерді жазып алады.
Тәжірибелерді жасар алдында қауіпсіздік техникасын сақтау керек. Сабырлы және сенімді манипуляция - тәжірибенің табысты өту кепілі.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 326



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі