Сабақ жоспары (ұмж): Табиғаттағы химиялық реакциялар (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғаттағы химиялық реакциялар (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формуласы және химиялық реакция теңдеулері
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы химиялық реакциялар
Оқу мақсаттары: 8.2.2.2 -табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау;
Сабақтың мақсаты: - табиғаттағы химиялық реакцияларға мысалдар келтіре алады;
- тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялардың маңызын түсіндіреді.

Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаттарымен танысу
Ойқозғау:
Оқушыларға физикалық және химиялық құбылыстарға мысалдар көрсетіледі. Оқушылар физикалық құбылыстар үшін «оң» қолды және химиялық құбылыстар үшін «сол» қолды көтереді.
Оқушылармен сұрақтар бойынша әңгіме жүргізіңіз:
қандай құбылыстар физикалыққа, қандай химиялыққа жатады?
табиғаттта қандай құбылыстар болады? физикалық құбылыс кезінде не болады? химиялық реакция кезінде не болады?
химиялық заттардың құрамын ненің көмегімен өрнектейді?
кандай реакциялардың типін білесіздер?

Оқушыларды топтарға біріктіріп, оларға тапсырма беріңіз: «күнделікті өмірде кездесетін реакцияларға мысал келтіру және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.» Мысалы: фотосинтез, тыныс алу, коррозия және жану т.б.
Оқушыларға жеребе арқылы топтық жұмыстың түрін таңдауға мүмкіндік беруге болады.
І. Постер/менталді карта құрастырады
ІІ. Таныстырылым дайындайды.
ІІІ. Ролдік ойын
Оқушылармен бірлесе бағалау критерийлерін құрастырыңыз.

Әр топ өзінің даярлаған жұмыс түрлерін көрсетіп қорғайды және өзге топтардың жұмысына бағалау критерийлері негізінде кері байланыс береді.
Жұптық жұмыс
Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз.
Олар адам өміріндегі және табиғаттағы химиялық реакциялардың мәні туралы жасалған сұрақшаларды «+» және «–» толтыру қажет. Сұрақшаларды толтырып болғаннан кейін, оқушылар басқа жұптың қатысушылары ұсынған факторлармен танысу үшін құрамдарымен алмасады.
Берілген процесс кезеңінде өзара бағалау әдісі есебінде «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стратегиясын қолдану ұсынылады.......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

0 0


Комментарии для сайта Cackle