Иондардың түзілуі 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

 Иондардың түзілуі 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы
Сабақ тақырыбы: Иондардың түзілуі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - элемент атомы сыртқы электрон қабатын аяқтау үшін электрондарды тарта немесе жоғалта алатындығын және осының нәтижесінде ион түзілетінін түсіну;
Сабақ мақсаттары: -метал атомдары соңғы қабатын толтыру үшін электрондарды жоғалтып оң зарядты иондарға айналатынын түсінеді;
-бейметал атомдары электрондарды қосып алып теріс зарядты иондарға айналатынын түсінеді;
-иондардың түзілуін электрондық теңдеуін жазады.

Ұйымдастыру сәті. Амандасу.
«Атом құрылысы » покер ойыны.
ойын карталары дайындалады:
18 ойын картасында атом құрылысы көрсетілген
18ойын картасында химиялық таңбалары жазылған

Араластырып, оқушыларға үлестіру.
Ойын ережесі : 1-ші ойыншы өз қартасындағы таңбаны немесе атом құрылысын дауыстап айтады. Басқа оқушылар сол картаға сәйкес жауапты іздеп, тапқан ойыншы ол қартты лақтырады.
Міндеті: өз қолындағы карталардан тез құтылу.
Көп ойланып немесе қолында көп карта қалған оқушылар тақырыпты толық меңгермегенін білдіреді.
Сабақ тақырыбы, мақсаттарымен танысу.

Бақылау сұрақтары:
1. Элементтердің реакция түсу қабілеті неге тәуелді?
2. Әр энергетикалық деңгейдегі электрон сандарын қалай анықтауға болады?
3. Бөлшектердің химиялық тұрақтығы неге тәуелді?
4. «Инерттік» дегеніміз не? Қай топ элементтеріне осы анықтама сәйкес келеді? Бұл ұғымды қалай түсіндіруге болады?

Проблемалық сұрақ Натрий және фтор атомдары тұрақтылыққа қалай жетеді? Өз жауаптарыңызды атом модельдерін немесе электрондық конфигурацясын қолданып түсіндіріңіз.

Иондардың түзілу анимациясын қарастыру:

Иондар –атомдар немесе химиялық байланысқан атомдар тобы электрондарын жоғалтып немесе сырттан электрондар қосып алғанда пайда болатын электрлік зарядталған бөлшектер. Оң зарядты иондарды катиондар, ал теріс зарядты иондарды аниондар деп атайды.
Жұмыс парағымен жеке жұмыс ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 527



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?