Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция типтері 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция типтері 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Сабақ тақырыбы: Химиялық реакция типтері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу
Сабақ мақсаттары: - химиялық реакция типтерін ажырату және жіктеу
- химиялық реакциялар типтерін әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу

Сабақтың басталуы
Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы сабақта зат массасының сақталу заңы бойынша үйге берілген есептердің шығарылуын оқушылардың дәптерлеріне шолу жасау арқылы тексеру
Өткенді еске түсіру мақсатында «пияз сақинасы» активитиін орындау. Оқушылар ішкі және сыртқы сақинаға бөлініп тұрады. Ішкі сақинада тұрған оқушылар өздерін қарама – қарсы сыртқы сақинада тұрған оқушылармен берілген сұрақтар төңірегінде диалог жасайды. Мұғалім қол шапалақ соққан кезде сыртқы сақина орын алмастырып жылжып отырады.
Топтарға берілетін сұрақтар:
1. «Бар нәрсе жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды. Бір жерде материя қанша азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді» деген пікірге келісесіз бе?
2. Химиялық реакция кезінде атомдардың саны өзгермей сақталады. Ал атомдардың өздері өзгереді ме?
Жаңа сабақ тақырыбын болжау
Тақтадан слайд презентация арқылы топқа суреттер көрсетіледі. Немесе әр түрлі реакцияларды жарық, жылу, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі) демонстрация түрінде көрсетуге болады.
Оқушылар химиялық реакция белгілері туралы алдыңғы сыныпта өткендерін естеріне түсіре отырып жаңа сабақ тақырыбын ашу керек. Оқу мақсатымен таныстыру
Оқушыларға БББ (KWL) кестесі таратылады.
Осы кестенің «Білемін» бөліміне оқушылар бұрыннан химиялық реакция туралы білетін ақпараттарын жазады.
«Білгім келеді» бөліміне бүгінгі сабақта химиялық реаекциялар туралы не білгісі келетіндігін жазады
Жаңа сабақты меңгеру
Топтық жұмыс
Оқушылар төрт топқа бөлініп зертханалық жұмыс орындайды.
1- тәжірибе:
Қызыл фосфордың жануы (сіріңке)
2- тәжірибе:
Сутек асқын тотығының ыдырауы
3- тәжірибе:
Темірдің мыс тұзы ерітіндісімен әрекеттесуі
4- тәжірибе:
Мыс сульфаты ерітіндісіне аздап натрий гидроксиді ерітіндісін қосу
Әр оқушыға бақылау нәтижесін жазу үшін кесте ұсынылады. Оқушылар өз тобымен ақылдаса отырып, тәжірибе нәтижесін талдайды.
Содан соң әр топтан бір оқушыдан шығып, жасаған тәжірибелерінің тиісті реакция теңдеулерін тақтаға жазады: 1-топ бірінші тәжірибе, 2-топ екінші тәжірибе т.с.с.
Оқушылардан жасаған тәжірибелерінің қорытындысы мен реакция теңдеулеріне қарай отырып, реакция типтерін табуларын сұрау. Қиындық туындап жатырса, реакция типтерінің схемасын ұсыну

Оқушылардың болжамдарын қорытындылап, жалпы химиялық реакция типтері туралы ақпарат беру. Орынбасу реакцияның ерекшелігіне тоқталып кету.
Мұғалімнің түсіндіруі
Жаңа білімді бекіту
Жұптық жұмыс (1)
«Сәйкестендіру кестесі»
Химиялық реакция типтерін анықтамасымен сәйкестендіріңіздер
Реакция типтері Анықтамалары
Қосылу қүрделі заттың жай заттарға ыдырауы
Айырылу жай зат пен күрделі зат арасында,атомдарының орнын ауыстыруы арқылы жүретін реакция
Орынбасу екі күрделі заттың арасында жүретін , атомдарының алмасуы арқылы жүретін реакция.
Алмасу екі немесе бірнеше жай заттан бір күрделі заттың түзілуі
Мұғалім жұптардың жұмысын тексереді......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle