Галилейдің салыстырмалылық принципі (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Галилейдің салыстырмалылық принципі (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Галилейдің салыстырмалылық принципі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.4 - жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренуі тиіс:
Есептерді графикалық және аналитикалық әдістерді қолданып шығарады.
Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:
y=kx+b (V = V0 + at) түріндегі тәуелділікті талдайды
Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:
Алған білімдерін практикада қолдана алады және біледі

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, қатыспағандарды белгілеу.
Сыныпта жағымды орта қалыптастыру.
(G)Жұппен жұмыс.
«ТілекTime». Оқушылар бір физикалық шаманы пайдаланып сыныпқа бір тілек айту керек.
Оқушыларды
- сабақтың тақырыбымен, мақсатымен
-бағалау критерийлерімен таныстыру
Жаңа сабақ.
«Салыстырмалы қозғалыс» ұғымын енгізу.
«Велосипед доңғалағындағы шыбын» мысалын қарастыра отырып, шыбынның қозғалысын әртүрлі жағдайда қарастыру.

Галилейдің салыстырмалылық принципінің орын ауыстыру үшін және жылдамдық үшін формулаларын енгізу.

(I) Есептер шығару.
Дескрипторлар:
Қозғалыстың салыстырмалылығына байланысты алғын білімдерін есепті шығару кезінде қолданады.
Қозғалыстың салыстырмалылығына байланысты есеп шығару кезінде графикалық және аналитикалық жолды қолданады.

1. Жаңбыр туралы есеп.
2. Машиналар туралы есеп.
3. Доп туралы есеп.

Қозғалыстың салыстырмалылығына байланысты есептер шығару
1. Өзендегі кеменің сумен салыстырғандағы жылдамдығы 2 м/с, ал жағамен салыстырғандағы ағыстың жылдамдығы 1,5 м/с. Кеменің жағаға қатысты екі жағдайындағы жылдамдығы неге тең.: кеме ағыс бойымен және оған қарам-қарсы қозғалғандағы?
2. Көтергіш кран жүкті вертикаль жоғары 20 м/мин жылдамдықпен арбаға салыстырмалы көтереді. Бірдей уақытта арба көлденең бойымен 10 м/мин жылдамдықпен жермен салыстырғанда қозғалады. Жүктің жерге салыстырмалы жылдамдық модулін анықтаңыз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 638



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі