Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар қисықсызықты қозғалысты түзусызықты қозғалыстан ажырата алады
Барлық оқушылар қисықсызықты қозғалыстағы жылдамдық пен үдеудің бағытын біледі
Барлық оқушылар бұрыштық орын ауыстыруды радианмен жаза алады
Барлық оқушылар шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысты түсінеді және сипаттайды
Барлық оқушылар сандық және сапалық есептерді шеше алады.

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайталау
- қозғалыстың қандай түрлерін білеіз?
- түзусызықты және қисықсызықты қозғалыстар немен ажыратылады?
- осы қозғалыс түрлерін қандай санақ жүйесінде қарастыруға болады?
- түзусызықты және қисықсызықты қозғалыстар үшін жол мен орын ауыстыруды салыстырыңыз

Сабақ тақырыбын және мақсатын айқындау
1. Демонстрациялық тәжірибелер
Көрсетіледі: шардың вертикаль бойымен қозғалысы, науа бойымен домалауы, жіпке байланған шардың айналуы, ойыншық автомобильдің үстел бетімен орын ауыстыруы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған шардың қозғалысы.

Сұрақ:
1) Берілген денелердің траекториясы немен ерекшеленеді? (оқушылардың жауабы)
2) Қисықсызықты және түзусызықты қозғалыстың анықтамасын беріңіз?

2. Қисықсызықты қозғалысқа екі мысал қарастыру: үзік сызық және қисық сызық бойымен (5-6 слайд)
Сұрақ: осы траекториялар немен ерекшеленеді?
3. Мультфильм қарау


- Қасқыр қандай қозғалысты көрсетті
- шеңбер бойымен қозғалыс қисықсызықты қозғалыстың мысалы бола ала ма?
- Табиғаттағы және тұрмыстағы қисықсызықты қозғалысқа мысал келтіріңдер
(W) Оқушыларға видео көрсетіп және талдату арқылы қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды талдаймыз (жылдамдық, орын ауыстыру және координата)
(W) Айналу периоды және жиілігі, сызықтық және бұрыштық жылдамдық ұғымдарын енгіземіз.
(Т) Мұғалім 360° бір айналым бұрышының орнына 2π радианды қолдануға болатынын айтады. Содан кейін оқушылар әртүрлі градустарды радианға айналдыруды қарастырады. Бұрыштық жылдамдықты бұрылу бұрышының бұрылу уақытта қатынасы ретінде анықтайды ω= 2 πr/T және сәйкесінше v = rω.

Сыну ойлауды дамытатын тәжірибе
(D) Мұғалім жартылай толтырылған суы бар шелекті алып, вертикаль бағытта айналдырады. Айналу жылдамдық судың төгілмеуі үшін жеткілікті болады. Сұрақ:
Су неге төгілмеді?
Шеңбер бойымен бірқалыпты бірқалыпты қозғалысты қалай сипаттауға болады?

Жұппен орындалатын практикалық жұмыс:
Оқушылар жіпке байланған жүктің айналу жылдамдығын v = 2 πr/T формуласымен анықтайды, Т – айналу периоды.

Глоссариймен жұмыс
centrifugal acceleration –центростремительное ускорение
angular displacement-угловое перемещение
angular velocity-угловая скорость........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 643



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?