Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ және жүйелік қателіктер (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ және жүйелік қателіктер (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері
Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ және жүйелік қателіктер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
• 10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;
Сабақ мақсаттары: Қателіктердің түрлерімен танысу
Кездейсоқ қателіктер мен жүйелік қателіктерді ажыратып білу
тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;

Ұйымдастыру бөлімі.
«Миға шабуыл»
Төрт оқушы сызғаштың көмегімен 15.0cm болатын қарындаштың ұзындығын өлшейді. Оқушылардың алған нәтижелері төменде көрсетілген. Осы графиктердің қайсысы нақты бірақ дұрыс емес?


берілген тапсырманы қайсысы дұрыс орындады?
Бұл мысалдан қандай қорытынды жасауға болады?
Оқушылардың қайсысы нақты мәнін анықтаған?
Проблемалық сұраққа жауап іздей отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.


Ескі өлшем бірліктермен танысу
Мысалы кез келген шаманы өлшеу қажет болады
Мысалы: оқушылыарға өздері отырған партаның
ұзындығын қарыс (қазақша ескі өлшем) арқылы өлшету
және шыққан нәтижені салыстыру.2-ші рет сызғышпен өлшеу.
Қай мәннің дәлірек екенін талқылау.(Оқушылар өлшеу кезінде қателіктер кететінін түсінеді)
Физикалық шаманы анықтау үшін бірнеше рет өлшеу керектігінде естен шығармау қажет.
Тәуелсіз айнымалы – эксперимент жасаушы өзгертетін шама.
Тәуелді айнымалы – эксперимент барысында өзгертетін шамаға тәуелді өзгеретін шама.
Басқарылатын шама – эксперимент барысында шарт бойынша өзгеріске ұшырамайтын шама

Егер өлшеген шаманың мәнін m деп, ал өлшеу қателігін һm деп алатын болсақ, онда өлшеу нәтижесі былай жазылады:
M=m ± һm немесе (m – һm) < M< (m+һm).

Қателіктердің негізгі түрлеріне тоқталатын болсақ олар: Жүйелік және Кездейсоқ қателітер болып екі топқа бөлуге болады.
Жүйелік қателіктер дегеніміз аспап арқылы тікелей өлшеулер кезінде жіберілетін қателіктерді айтуға болады. Олар: Аспаптың ескіруінен, аспаптың көрсетішінің дұрыс көрсетпеуінен немесе сынған құралды қолдану нәтежесінен болуы мүмкін.
Мына көрсетілген графиктерден аспаптың нәтижесінен болған қателіктерді айтуға болады. Яғни біздің пайда болған ауытқуларымыз осы құралдың жіберілген қателік болып табылады.
Практикалық Жұмыс
Оқушыларды 4 топқа бөлу
1 топ Уақыт өлшейтін құрал
2 топ Температура өлшеу
3 топ Дененің көлемін өлшеу
4 топ Дененің массасын өлшеу
Физикалық шамалардың мәнін анықтауда тікелей және жанама өлшеулер арқылы анықтауға болады. Тікелей өлшеу кезінде салыстырмалы қателітерін есептеу кезінде ε=∆а/а×100% деп есептейміз. Ал егер жанама өлшеулер арқылы анықтасақ оның салыстырмалы қателігі мен абсольт қателігін былайша анықтауға болады:
мысал y=b-c болса y±∆y=(b-c)±(∆b+∆c)
x=b * c болса ∆x/x=∆b/b+∆c/c
z=b^n болса ∆z/z=n ∆b/b
Формулалары арқылы қателіктерін есептеуге болады.

Топтарға берілетін тапсырма:
1. Қажетті өлшеулерді жүргізу
2. Бұл өлшеудің қай түрі екенін анықтау(жанама немесе тікелей)
3. Өлшеудің абсолют қателігін табу
4. Өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтау
5. Өлшеу нәтижесін қателікті ескере отырып жазу.
Топтар бірін бірі бағалайды(дескриптор бойынша).........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle