Сабақ жоспары (ұмж): Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гравитациялық өріс
Сабақ тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын модельдеу: Оқушылар Жер бетіне жақын жерлерде вертикаль үдеу тұрақты болатынын және ауаның кедергісіз горизонталь үдеу де тұрақты болатындығын білулері қажет.
Сабақ мақсаттары: • Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау.
• Қозғалыстың тәуелсіздігін ажырата алу.
• Уақыттың тәуелсіз шама екендігін сипаттау.
• Тәжірибе жүзінде орын ауыстырудың орын анықтай алуы.

- Ұйымдастыру кезеңі
- Шаттық шеңбері «Жақсы тілек жанды жылытады»
- Үй тапсырмасын фронтальді сұрақтар қою арқылы тексеру
1) Уақыттың тәуелсіздігін қалай түсінесіз ?
2) Дененің ох осіндегі орын ауыстыруын қалай өрнектейсіз?
3) V0x жылдамдығы уақыт өтуі бойынша қалай өзгереді?
4) Физикалық шамалардың инварианттығы дегенді қалай сипаттай аласыз ?
5) Дененің 10 градус және 80 градус бұрыш жасай лақтырылған кездегі орын ауыстыруын салыстырыныз.
Оқушылар сұраққа жауап берісімен оларға арнайы «жұлдызшалар» беріледі.
Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу.
Оқушылар қасындағы жұбымен бірге тақырыпты талқылап, орындауға әзірленеді.

Жұппен жұмыс

Зертханалық жұмыс
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу

Жұмыстыӊ мақсаты: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу және сипаттау.
Құрал- жабдықтар: ОПП “Виртуальды лаборатория”.

Жұмыс барысы:
1) Бағдарламаны іске қосыныздар.
2) Бастапқы жылдамдық пен лақтыру бұрышын енгізініздер.
3) Тәжірибені бірнеше рет қайталаныздар.
4) Алынған мәндерді кестеге толтырыңыздар.
5) Қортынды жасап оларды сипаттаныз.
6) Зертхана жасау барысындағы қиыншылықтарға тоқталыныз.
7) Оларды шешу жолдарына сипаттама берініз.

Зертхана аяқталысымен қысқаша мәліметтерді келтіріп сабақты қорытындылаймыз.
1) Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы еркін түсу бола ма? Неліктен?
2 ) Бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысын оқып-үйренгенде біз қандай принципті пайдаланамыз? Осы принциптің мазмұны қандай?
3) Осы қозғалыстың ауырлық күшімен әсері........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

0 1


Комментарии для сайта Cackle