Сабақ жоспары (ұмж): Қозғалыстың салыстырмалығы. Санақ жүйесі. Санақ денесі. Галилейдің салыстырмалық принципі. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қозғалыстың салыстырмалығы. Санақ жүйесі. Санақ денесі. Галилейдің салыстырмалық принципі. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыстың салыстырмалығы. Санақ жүйесі. Санақ денесі. Галилейдің салыстырмалық принципі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;
Сабақтың мақсаттары: Қозғалыстың салыстырмалылығын түсіндіру;
Галилейдің салыстырмалық принципін түсіндіру;
Санақ жүйесі, санақ денесі ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;

Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Мұғалім оқушылардың алдына тақырыпқа сәйкес 3 суретті қиып таратады. Оқушылар қиындыларды құрастыра отырып, өз тобын табады.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
«Миллионер» ойыны. Оқушылар оқылмаған сұраққа ақша тігеді (1000-5000 тг), басқа топтың оқушылары келесі топтар қанша ақша тіккенін білмеулері қажет. Мұғалім әр топтың тіккен ақшасын жазып алады. Барлық топқа ортақ сұрақ оқылады, егер топ дұрыс жауап берсе тіккен ақшаларын мұғалім оларға береді, ал егер дұрыс жауап бермесе олардың тіккен ақшасын алып алады. Бұл ойынды қолдан ақша жасап ойнатуға болады. Егер ақша болмаса, мұғалім тақтаға жазып отырады. Ойын аяқталғаннан кейін топтың жинаған ақшасы есептеледі. Қай топтың ақшасы көп сол топ жеңеді.

Жұптық жұмыс. Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды, келесі топ бағалайды, мұғалім толықтырады.

Жаңа сабақтың мақсактын жариялау. Мұғалім дереккөздерде ұсынылған сілтемедегі видеоны көрсетеді. Оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Видеоны және презентацияны қоланып, оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып тақырыпты түсіндіреді.
(G) Оқушыларды 3 топқа бөліп, әрқайсысына талдауға және есептеп шығаруға тапсырма беру.
Әр топ тапсырма бойынша: санақ денесін, қозғалыстағы денені, денелердің салыстырмалы жылдамдығының бағытын және мәнін анықтауы тиіс.
1-топ: дене тәрбиесі сабағында мұғалім Асан мен Дастанды 60 м арақашықтыққа жарыстырады. Мұғалім старт сызығынан жүгіруге рұқсат береді. Асан 3 м/с, Дастан 2,5 м/с жылдамдықпен жүгіреді.
2-топ: Мектептен үйге қарай 6 м/с жылдамдықпен қозғалған Әсемге қарама – қарсы 3 м/с жылдамдықпен жел соғады.
3-топ: жағадағы ағашқа қатысты 6 км/сағ жылдамдықпен қозғалған моторлы қайыққа қарсы 3 км/сағ жылдамдықпен өзен ағысы ағады.

Жұптық жұмыс. Есептер шығару.

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім бағалау критерийлерін және дескрипторларды таратады. Оқушылар өздерін өзі бағалайды, мұғалім бағалайды, сұрақтарға жауап береді. ........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle