Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?


Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?

Атақты Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан Кембридж қаласында құрылған. XIII ғасырдың өзінде Кембридж университетінде 4 факультет болды: гуманитарлық, заң ғылымы, дінтану (теология), медицина. XVII ғ - да Кембридж университеті ірі ғылыми орталыққа айналды. 1669 – 1702 ж. И. Ньютон Кембридж университетінің профессоры болды. 1837 ж. Кембридж университетінде Ч. Дарвин магистр атағын алған. Кембридж университетінің өзіндік ерекшелігі – күні бүгінге дейін өзінің ортағасырлық құрылымын сақтаған. Университетті жоғары білікті қызметкерлерден тағайындалатын канцлер басқарады.

Әлемдік QS World University Rankings рейтінгісі аталған университетті жылдың ең үздік жоғары оқу орны деп таныды.
Елімізде дінтанушы мамандар 1999 жылдан бері дайындалып келеді. Алғашқы кезде тек жоғарғы оқу орындарының еншісінде болған дінтану ғылымы, бүгінде орта мектептердің бағдарламасына енді. 2011 жылдан бастап бұл пән міндетті факультативтік курс ретінде оқытылды.
Дінтанулық білім тарихы 1992 жылы алғаш рет Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінде «Дін және еркін ойлау» мамандығының ашылуынан бастау алады. Қазақстанда «дінтану» және «теология» мамандығы бойынша әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия үлттық университеті (Астана қ.), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.),, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті (Түркістан қ.), «Нұр» Египет Ислам мәдениеті университеті (Алматы қ.) ғана мамандар даярлауда.

Қазіргі таңда Республика бойынша білімі жоғарғы дәрежелі университеттердің бірі – әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Дінтану мамандарын даярлау бойынша «дінтану пәнінің оқытушысы», «ислам теологиясы бойынша сарапшы», «христиан теологиясы бойынша сарапшы», «жаңа діни ағымдар бойынша сарапшы», «мемлекеттік дін қатынастары бойынша сарапшы» секілді бейіндік бағыттары қалыптасқан.
Аталған мамандану бейіндері әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде толығымен қамтылған. ҚазҰУ - де сонымен қатар дінтану магистранттары болашақта өндіріске жіберілетін бейіндік бағыт, ғылыми қызмет пен жоғарғы оқу орындарына оқытушылыққа жіберілетін ғылыми - педагогикалық бағыт бойынша да даярланады.

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Философия және саясаттану факультеті,
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Болатханова Ақбөпе,
доцент Мұқан Нұрзат


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу