Сабақ жоспары (ұмж): Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеруші күш (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеруші күш (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сұйықтар мен газдардың механикасы
Сабақ тақырыбы: Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеруші күш
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Эксперименттік тапсырмалар мен есептеулерде, сапалық есептерді шығарғанда үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін қолдана білу.
Сабақ мақсаттары: Барлығы: Үзіліссіздік теңдеуін, Бернулли теңдеуін біледі.
Көпшілігі: Бернулли және үзіліссіздік теңдеуін қорыта алады.
Кейбіреуі: Үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін қолданып, көтергіш күштің пайда болатынын дұрыс түсіндіре алады.

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу мақсаттарымен және сабақтың мақсаттарымен таныстыру.

W Жаңа сабақ материалдарын талдау
Үзіліссіздік теңдеуін қорытып шығару
Слайд бойынша

Демонстрациялық тәжірибе
Қажетті материалдар: Шаш кептіруге арналған фен, үстел теннис добы

Тәжірибе нәтижелерін талқылау

Сұрақ:
Неліктен жеңіл теннис добы құламайды?
Теннис добын ұстап тұрушы күш қандай?
Жауап:
Неғұрлым ағынның жылдамдығы көп болса, соғұрлым оның қысымы аз болады. Сондықтан ауа ағыны жоқ жердегі қысым көбірек болғандықтан ол шариктің құлауына жол бермейді. Бұл Бернулли заңы деп аталады.

W Бернулли теңдеуін қорытып шығару

1- Жұмыс парақшасы бойынша тапсырмалар орындау

Тапсырмалар мұғалімнің қолдауымен орындалады. Орындау барысында оқушыларға қойылған сұрақтарды бірлесе отырып талқылау ұсынылады.

W Бернулли заңын қолдана отырып, көтергіш күштің пайда болуын түсіну.

Бейнематериалының сілтемесі


2- Жұмыс парақшасы бойынша тапсырмалар орындау

Тапсырмалар мұғалімнің қолдауымен орындалады. Орындау барысында оқушыларға қойылған сұрақтарды бірлесе отырып талқылау ұсынылады.

Рефлексия:
Өзін өзі бағалау

Сабақ барысында қандай дағдыларыңызды, қандай қабілеттеріңізді дамытқаныңызды 3 баллдық шкаламен бағалаңыз.
Дағдылар мен қабілеттер 1 2 3
Ғылыми сөзталасқа қатысу
Өз ойыңды ашық айта білу
Басқалардың пікірін тыңдай білу
Біліміңді пайдалана білу
Математикалық білім
Басқа да дағдылар........


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

  • 0


Комментарии для сайта Cackle