Сабақ жоспары (ұмж): Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық өлшеулер
Сабақ тақырыбы: Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткі-зілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Өлшеу құралдарымен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру
Оқушылардың көбісі:
Тура өлшеулер үшін абсолют және салыстырмалы қателіктерді анықтау
Кейбір оқушылар:
Жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу

Ұйымдастыру сәті
Сабақ тақырыбын оқу мақсатын, бағалау критерийлерін талдау
Миға шабуыл:
Физика дегеніміз не?
Зерттеу құралы ретінде физикада қандай әдістер қолданылады?
Эксперимент жасау барысында қандай қауіпті жағдай туындауы мүмкін?
Еске түсіру үшін тапсырма:

ұзындық бірліктерін өсу ретімен орналастырыңыз
Теориялық мәлімет.
Физикалық шаманың негізгі 5 сипаттамасы бар: Атауы, белгісі, анықтамасы, сан мәні, өлшемі.
Физикалық шамалар құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды.
Физикалық шаманың өлшем бірлігі (англ. unit of measurement) – бұл физикалық шаманың шартты түрде сандық мәні 1-ге тең және біртекті физикалық шамалардың мөлшерін көрсететін ұғым.
физикалық шамалардың Бірліктер жүйесі (system of units of measurement)
негізгі (англ. base unit of measurement) бірліктерінің кейбірін ғана (метр [м], килограмм [кг], секунда [с], ампер [А], кельвин [К], моль [моль] және кандела [кд]) қамтитын;
ал қалған өлшеу бірліктер сол негізгі бірліктердің туынды (англ. derived unit of measurement) бірліктері ретінде анықталады.
Негізгі бірліктер:
Туынды бірліктер:


Физикалық эксперимент
Эксперимент – табиғаттағы құбылыстарда орын алатын себеп-салдар тәуелділіктерді анықтау үшін қолданылатын физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі. Физикалық экспериментте құбылыстарды зерттеу үшін қолайлы жағдайды қолдан жасап, болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға болады Эксперименнті сипаттау үшін қолданылатын негізгі түсінік – физикалық айнымалы шама.

Айнымалы шамалардың түрлері:
Тәуелсіз физикалық шаманы экспериментатор өзі өзгертеді.
Тәуелді физикалық шама тәуелсіз шаманың өзгерісіне тәуелді өзгереді.
Өзгермейтін шамалардың тұрақтылығын экспериментатор өзі қадағалап отырады.
Өлшеу қателіктері
Өлшеу дәлдігі – анықталатын шаманың нақты өлшемінің өлшенген мәнінен айырмашылығы. Өлшенетін шаманың сипаттамасына сәйкес өлшеу қателігі әр түрлі тәсілдермен анықталады.
Абсолют қателік
Өлшеу мәндері әр түрлі болу мүмкін: 25 мм; 24 мм; 27 мм. Осы мәндердің ішінде орташасы нақты өлшемімен дәлірек болады:
А_орт=(25 мм+24 мм+27 мм)/3=25,3 мм
Арифметикалық орташа мәні мен өлшеген мәнінің айырымы абсолют қателік деп аталады.
〖∆A〗_1=25,3 мм-25 мм=0,3 мм
〖∆A〗_2=25,3 мм-24 мм=1,3 мм
〖∆A〗_3=25,3 мм-27 мм=-1,7 мм
〖∆А〗_орт=(0,3 мм+1,3 мм+1,7 мм)/3=1,65 мм

Салыстырмалы қателік
Абсолют қателікті анықтау жеткіліксіз. Себебі, бір шаманы әртүрлі аспаппен өлшегенде, дәлдік ауытқып отыруы мүмкін. Мысалы: қарындаш ұзындығы – 17 см, ал футбол аланының ұзыныдғы – 10028 см. Қай жағдайда өлшеулер дәлірек болады? Әрине, екінші жағдайда. Бірақ, абсолют қателік екі жағдайда бірдей: ∆А = ±1 см.......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

  • 0


Комментарии для сайта Cackle