Ана махаббатымен әлем тербелген...


Сабақтың тақырыбы: Ана махаббатымен әлем тербелген...
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Қабырға газеті: «Аналар – асыл жандар»,
Ашық хаттар, Интерактивті тақта т. б.

Сабақтың барысы:
І - жүргізуші:
Ана - өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!
Арулар!
ІІ жүргізуші: Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым, бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
Бүгінгі сайысымызға әділ бағаларын беретін әділ - қазылар алқасын сайлап алайық:
1. 2. 3.
Бүгінгі сайысымыздың ережелерімен таныстырып өтейік. 5 - сынып оқушыларынан 2 топ құралған. Олар: 1. «Гүлдер» тобы. 2. «Көктем» тобы.

І жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Жыр маржанын шашайық

ІІ жүргізуші:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең,- дей келе сайысымыздың бірінші кезеңін бастай ық. Бұл кезеңде оқушылар Ана туралы жыр жолдарын айтып сайысады.
1 - топ:
Ақ сүтінен барлық адам нәр алған
Ол азығың өзіңмен бірге жаралған
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол
Күш – қуат боп өн бойыңа таралған
2 - топ:
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусар - бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
1 - топ:
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
2 - топ:
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
1 - топ:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай
2 - топ.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Бәрекелді оқушылар!
Армысың, ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сендер үшін мереке шашулары,- деп келесі кезең ән жарысына кезек берейік.
1 - Топ: «Ананың тілі.» әні.
2 - Топ. - «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші:
3 - кезеңде оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші:
4 - кезең. Топ басшыларын ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.
Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады.
І ж - Менің анам алтын
ІІ ж - Менің де анам алтын
І ж - Аналарды құрметтеп
ІІ ж - Қол соғыңдар жалпың!
ІІ - жүргізуші: Оқушыларды марапаттау үшін ортаға әділ – қазылар мүшелерін шақырайық.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің кітапханашысы
Еспембетова Салтанат Шәріпқызы


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу