«Ыстық жанұям» атты сурет көрмесі


Мақсаты: Оқушылардың отбасылық суреттерін, ыстық отбасы туралы салған шығармашылық жұмыстарын көрмеге шығару. Сурет көрмесіне қойылған суреттерді тамашалау арқылы, оқушыларға отбасындағы құндылықтарды дәріптеу.
Көрме - белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету. 17. 02 - 21. 02. 2020 ж аралығында Қайназар №1 орта мектепте жоспарға сай «Ыстық жанұям» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Бұл сурет көрмесіне 5 - 8 сынып оқушылары қатысып, өздерінің белсенді екендерін көрсетті. Сурет көрмесіне 5, 6, 7 сынып оқушылары өздерінің жанұяларымен түскен суреттерін алып келді. Суреттер мектеп қабырғасына сурет көрмесі ретінде ілінді. Сурет көрмесінде оқушылардың сәби кезіндегі, бастауыш сыныптағы отбасымен түскен суреттері орын алды. Ал, 8 сыныптар өздерінің жанұясынын бейнелейтін суреттер салды. Сурет көрмесін ұйымдастырған көркем еңбек пәні мұғалімі Көбейова Тұрсынай. Сурет көрмесіне дайын суреттерді алып келген оқушылардың белсенділігі ленейкада көпшілік оқушы ортасында айтылды. Ал сурет салған 8 сынып оқушылары мақтау қағаздармен марапатталды.




Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу