Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы



5 сынып
Тақырып: Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы.
Мақсаты: Қурай аспабының жасалуын, орындау әдісін біледі.
Күтілетін нәтиже: Қурай аспабының шығу тарихымен түрлерін және орындалуын айта алады.
Ресурстар: интерактивті тақта, слайдтар, бейне таспалар.

Ұйымдастыру: 1. Сабаққа дайындық.
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Білу: миға шабуыл.
- Шаңқобыз аспабының түрлі атауларын ата?
- Шаңқобыз аспабы қай халықтарда бар?
- Алтай халқында комус аспабы қалай пайда болады?
- Шаңқобыз аспабы қалай жасалады?
- Не себепті әлем халықтары бірдей аспапта ойнаған?
Түсіну: Мына суреттен қандай өсімдікті көріп тұрсыңдар?
Бұл өсімдіктен не жасауға болады?
Қалай жасар едің?
Қалай ойналады?

Қурай аспабының жасалуы.
Башқұрт халқында үлкен құрметке ие болған қурай аспабы. Қурай тек музыкалық аспап ретінде ғана емес, Башқұрт мемлекетінің символы ретінде аса беделді. Қурай аспабын республиканың жалауы мен ел таңбасынан да көре аламыз. Ежелгі замандардан қурай аспабын адамдардың қайғы - мұңынан айықтыратын, ойына ой қосып, рухы мен жігерін көтеретін қасиетті аспап деп есептеген. Қураймен жеткен көне музыканы ерекше қастерлеп, ал, үлкен жиындар мен мерекелерде бас қосқанда қурайшыларға құрметті орынын ұсынатын болған. Халық аспабының жасалуы өте қарапайым болып келеді. Аспапты қураған қамыстан жасайды. Қамыстың ең ұзын сабағын таңдап алып, 1 метрлік ұзындықта алдыңғы жағынан 4 тесік және бас бармаққа арналған бір тесік жасап дайындаған.

Қурай аспабында орындау
Дегенмен, қурай аспабында орындау өте күрделі. Өйткені, қурай аспабын орындай отыра, аспапты даусымен яғни көмеймен сүйемелдейтін болған. Қурайшылар көмеймен айту дәстүрін меңгерсе ғана ол ең шебер орындаушы болып есептелген. Қурайшының көмейінен шыққан қою да қоңыр үні аспаптың сұлу сазды әуенімен астасып тамаша жарасымын тапқан. Башқұрттар қурай аспабында бұлай ойнау әдісін «Үзләу» деп атаған. «Узляу» - алтай, тыва және хакас халықтарындағы көмеймен айту дәстүрімен туыстасып жатыр.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Ғани Мұратбаев атындағы мектеп - гимназиясының
Музыка пәні мұғалімі: Амирова Гүлбаршын Сагимбековна

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу


Комментарии для сайта Cackle