Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер


Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Сәуір болмай жауын болмас,
Жауын болмай тәуір болмас.

Дауылдың алды — жел,
Жаңбырдың арты — сел.

Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.

Жақсының сөзі —
Жырмен тең,
Жаздағы жаңбыр
Нұрмен тең.

Торғай
Жаңбыр жауса,
Баласын қорғайды;
Бұршақ жауса,
Басын қорғайды.

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр -
Жерге жауған нұр.

Жаңбырменен жер көгерер,
Еңбекпенен ел көгерер.

Жаңбырдың басы – тамшы, арты – қамшы.

Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай.

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.

Жаңбыр жауса, жарлының жаны жадырайды.

Жамаулы киім де жаңбырға жарайды.

Жаңбырдан қашқан
Бұршаққа кез болар.
Жаңбыр өзін селге санайды,
Құдық өзін көлге санайды.

Жаңбырмен жер көгерер,
Батамен ел көгерер.

Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!