Қашықтан оқыту мен ақпараттандырудың маңыздылығы



Қашықтан оқыту мен ақпараттандырудың маңыздылығы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев 11 мамыр күні өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде білім беру ісін барынша оңтайландырып, студенттер мен оқушыларды қашықтан оқытудың жаңа тың әдістемелерін әзірлеудің қажеттілігін, қашықтан оқытудың заманауи технологиясын жылдам енгізуді, білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарап, оны қолжетімді және интерактивті етуді, педагогтерді даярлау мәселесі жаңа талаптарды ескеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті.
Сондықтан білім беру саласының мамандары алдында әлемдік тәжірибелерді саралай отырып, қашықтан оқытудың жаңа тың әдістемелерін жасақтау міндеті тұр. Сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қашықтан білім берудің қыр - сырын меңгеру үшін педагог мамандарды қайта даярлау кезек күттірмейтін міндет. Болашақ педагогтарды даярлау барысында да қашықтан оқытудың заманауи технологиясын, басқа елдердің озық тәжірибелерін пайдалану маңызды.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамытпай білім беруді қашықтан жүзеге асыру мүмкіншілігі жоққа тән екені белгілі болып отыр. Президент Қасым - Жомарт Кемелұлының да барлық оқу орындарында цифрландыру ісін аяқтауды тапсырып отырғаны осыған келіп саяды. Сондықтан еліміздегі бұған дейінгі ақпараттық жүйені қайта қарап, бүгінгі жаңа талаптарға сәйкестендіру керек.
Әбдібек Момышұлы Оразов,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
Әкімшілік - ұйымдастыру мәселелері
жөніндегі басқарма бастығы


Источник: bilimdiler.kz
0 0


Комментарии для сайта Cackle